Әбу Қатада—ансар сахабаларының бірі. Хафиз Құран—
Қасиетті Құранды түгелдей жаттаған болатын.
Әзірейіл—Аллаға жақын періштелердің бірі, жан алғыш
періштенің есімі. Адамды жаратар алдында Алла жердің
әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды. Жер оған
қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен Ысрапыл да
жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл шаруаны Әзірейіл
ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан алғыш бас
періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті жеткен кез-
де Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан әлгі адам ның
есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл қырық күн
мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |