Қабыл, Әбіл—аңыз бойынша, Адам атаның алғашқы ұр-
пақтары.
Қарасай, Қази—Орақ батырдың ұлдары. ХVI ғасырдың
соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін
Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол за-
манда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз
күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһарман дар.
Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтар жайында қазақ жы -
рау, жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе Ақтөбе,
Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан
қазақтары арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық
нұсқалары сақталған.
Қобыланды батыр—Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен
ХV ғасыр) батыр. Тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек елінің ха-
ны Әбілхайырдың бас батыры болған.
Достарыңызбен бөлісу: |