құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда
392
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
392
Ілияс» деп те атала береді. Кейде оны «Қызыр» деп атайды.
Қазақ фольклорында Ілиястың есімі жиі ұшырасады. Әдетте,
ол адамдарға Қызыр әулие (ақсақал) түрінде көрініп, әртүр-
лі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде Ілиястың жанын-
да «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп жүреді. Олар
ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың басты
кейіпкеріне (әсіресе, батырлық жырлар мен ертегілерде) қол
ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп батала-
сады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.
Мұса—Пайғамбар, Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт
пайғамбардың бірі. Інжіл бойынша—Моисей. Аңыз бойынша,
Мұса (ә.с.)—Алла Тағаламен тілдескен және онымен жүздес-
кен бірінші пайғамбар (Адам атадан соң). Алла Тағаламен
сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса Кәлим (Алламен
тілдесуші) деп дәріптеген.
Достарыңызбен бөлісу: