8
3
. Инновациялық Еуразия университетінде оқу процесін кредиттік технология бойынша
ұйымдастыру қағидалары
3
.1. Оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның жоғары білім жүйесіне ұлттық білім беру
бағдарламаларын халықаралық мойындау, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның
ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.
Кредиттік технологияның негізгі ерекше белгілері:
білім алушылар үшін оқу жоспары пәндерін таңдау кеңдігі;
әр студенттің өз жеке оқу жоспарын қалыптастыру ісіне қатысуы;
сынақ бірліктері - кредиттер жүйесін жүргізу;
оқу үрдісінің баспа және электронды түрдегі қажетті әдістемелік материалдармен
қамтамасыз етілуі;
студенттердің оқу пәндерін меңгеруін бағалауда балдық-рейтингтік жүйенің міндетті
түрде қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |