С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет279/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Тапсырма  

1. 


Бала  ойындарының  қазіргі  жіктелуінің  шарттылығын 

дәлелдеңіз  (кез  келген  бала  ойынының  шығармашылық  сипаты 

неден 

көрінеді, 



егер 

де 


ол 

ересектермен 

«дұрыс 

ұйымдастырылмаса»;  ережерелер  арқылы  ойындарды  реттеу 

қажеттілігі, әр түрлі ойындардағы ережелердің ерекшеліктері). 

2. 


«Бала ойындарының жіктелуі» сызбасын жасаңыз. 

3. 


Н.А.Короткованың,  Н.Я.Михайленконың  «Как  играть  с 

ребенком» (М., 1990) кітабын оқыңыз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


351 

 

X I X   Т А Р А У  



РЕЖИССЕРЛІК ОЙЫНДАР 

 

                 Режиссерлық ойындардың мәні 

Режиссерлық ойындар шығармашылық ойындардың бір түрі 

болып  табылады.  Бұларда,  шығармашылық  ойындарда  сияқты 

алдамшы  немесе  қиялдағы  жағдаят  бар.  Бала  ойынның 

мазмұнын  ойдан  шығара,  олардың  қатысушыларын  анықтай 

отырып,  шығармашылық  пен  қиялын  көрсетеді  (ойыншықтар, 

заттар  «орындайтын»  рөлдер).  Заттар  мен  ойыншықтар 

жалпыадамзат  тәжірибесімен  бекітілген  қызметті  орындаған 

жағдайда,  өзінің  тікелей  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ауыспалы 

мағынасында да пайдаланылады (зообақ режиссерлық ойынында 

диван  жастығы  -  су  сиырына,  ал  анасының  жалбалаң 

қаттауының  белдігі  жыланға  айналады;  әр  түрлі  көлемдегі 

кубиктер  мектеп  ойынын  ойнағанда  мұғалімдер  мен  балаларға 

айналады;  қарындаштан  қуыршақ-әншіге  дирижер  таяқшасы 

немесе  микрофон  шығады).Ойыншық-орынбасарларды  балалар 

сюжеттік-рөлдік  ойындарда  да  еркін  қолданады,  ол  болса, 

қиялының дамуынын көрсетеді. 

Режиссерлік  ойынның  атауының  өзі  оның  спектакль,  фильм 

режиссерының  қызметіне  ұқсастығын  білдіреді.  Әдетте 

режиссер  қандай  фильмді  немесе  спектакльді  қоятынын,  қай 

сценарийді алатынын, өзінің оқып, санасынан өткізгенінен нені 

қосатынын  шешеді.  Бала  ойын  сюжетін,  оның  сценарийін  өзі 

жасайды.  Белгілі  бір  тақырыпты  алып  (мектептегі  сабақ, 

балабақшажағы  мереке),  сәби  көрсетілетін  оқиғаны  қалай 

түсінуіне,  өзі  үшін  нені  біршама  маңызды  деп  санауына 

байланысты оны дамытады. 

Сценарийдің негізінде баланың тікелей  тәжірибсі жатыр:  өзі 



352 

 

көрермен  немесе  қатысушысы  болған  оқиғаны  көрсетеді 



(әртістердің  қала  алаңында  орындауы,  жол  көлігі  оиғасы, 

доктордың кабинетіндегі ем, туған күнді атап өту). Ойын сюжеті 

кейде баланың көрген мультфильмінен, оқыған кітабынан, басқа 

адамдардың  әңгімелерінен  алынған  білімдері  болады  (үлкен 

оқушы  ағасының  әңгімелері  әсерінен  туындаған  мектеп 

режиссерлық ойыны). 

Осы  ойындар  үшін  олардың  дамытылған  формасында 

баланың  жеке  тәжірибесінен  алынған  әсерлерді  кітаптардан, 

бақылауларынан, 

мультфильмдерден 

білгенін 

қиыстыру, 

шынайы  мен  ойдан  шығарылғанды  біріктіру  тән.  Режиссерлық 

ойындардың сюжеттері іс-әрекеттер тізбегін білдіреді (қуыршақ 

микрофонмен  ән  айтады,  басқасы-    сүйемелдейді,  орындап 

болғаннан  кейін  екеуі  де  бастарын  иеді,  кейін  «жаңа  әнші» 

шығады;  кішкентай  автокөліктер  трассада  келе  жатады, 

соқтығысып,  апатқа  ұшырайды).    Жекелеген  эпизодтарды 

(сахналық қойылымдарды) бала ойынан шығарады, содан кейін 

әрқайсысының  орнына  сөйлеп,  немесе  не  болып  жатқанын 

түсіндіре  отырып,  персонаждарды  (ойыншықтар,  заттар) 

орындайды.  

Режиссерлық  ойында  сөз  –  негізгі  компонент.  Көптеген 

жағдайда  ол  «экран  артындағы  диктор  мәтіні»  ретінде 

дыбысталады.  Мысалы,  Лиза  қуыршақ  машаның  туған  күнін 

ойнайды:  «Маша  қонақтарға  сыйлықтар  үшін  «рақмет»  айтты, 

қонақтар  бірден  үстел  басына  отырды.  Маша  барлығына  шай 

құяды».  Суреттеу  сөздерінен  басқа,  бағалау  сөздері  де 

пайдаланылады: «Қонақтар жақсы, олар Машатайға көп сыйлық 

әкелді.  Ал  бөлтірік  сараңы:  ол  сыйлық  әкелді,  алайда  Машаға 

бермеді». 

Рөлдік  режиссерлық  ойындарда  бала  әр  персонаждың 

образын  жасау  үшін  айқын  сөйлеу  құралдарын  пайдаланады: 

интонация,  дауыс,  темп,  сөйлеу  ритмі,  логикалық  екпіндер, 

эмоционалдық 

бояу, 


түрлі 

жұрнақтардың, 

дыбыс 

еліктеуіштерінің  қолданылуыөзгереді.  Сөйтіп,  Наташа  ерке 




353 

 

баламен жанұялық қойылымды көрсете отырып, оның, әжесінің 



және  әкесінің  орнына  сөйлейді.  Нәрестенің  орнына  ол  жіңішке 

дауыспен  талап  ететін  ноталармен  сөйлейді.  «Басқа  ботқаны 

беріңдер!  Бұл  дәмді  емес!»,  қуыршақ-әже  орнына  –  жұмсақ, 

жалынышты  интонациялармен:  «Жей  ғой,  жей  ғой,  Вовочка!», 

әкесінің  орнына  –  қатаң,  қатты,  айқын  баяу:  «Бұл  не  деген 

еркелік? Ботқа ұнамай ма? Басқасын ешкім пісірейін деп жатқан 

жоқ! Тез арада барлығын жеп қой!». 

Режиссерлық  ойында  көптеген  персонаждар  (концерттегі 

қуыршақ-көрермендер, 

қала 


трассасындағы 

кішкентай 

автокөліктер  мен  көліктің  басқа  да  түрлері,  сыныптағы 

оқушылар) 

пайдаланылады, 

бірақ 


олар 

«белсенді 

қимылдаушылар»,  яғни  бала  оларды  тез  орындарынан 

ауыстырады,  қарым-қатынастармен  «байлайды»,  әдетте  үш-

төртеуден көп болмайды. Олардың саны балалардың орта және 

біршама  ересектеу  мектепке  дейінгі  жаста  пайда  болатын 

бірлескен  режиссерлық  ойында  көбейе  түседі.  Мұндай  ойында 

қатысушылардың  әрқайсысы  бір-екі  персонаждың  орнына 

жұмсалады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет