Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет138/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

82

Жаз кеші... таудың етегі...



Беткейдің бәрі шалғын мол.

Қыр жақтан дауыс жетеді, 

Созылып өрге тарғыл жол. 

Көбірлеп ойдың құрағы, 

Сұңқ етіп байғыз жылайды,

Қытықтап үні жыраны,

Еңіске бұлақ құлайды. 

Көктегі айдың көзі мұң,

Қиығын маған бұрғандай.

Алай да дүлей сезімім,

Жұлмалап мені тұрғандай

Көз алдыңа жайлаудың жазғы кеші келеді. Көз алдыңда барлық табиғат жанданып, тірі кейіпте 

елестейді. Ал енді Абайдың «Қысына» қараңыз:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды, 

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық 

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

Өзіңнен-өзің  қалтырап,  дірілдеп  тоңа  бастайсың.  Қасыңда  қабағынан  қар  жауған  қыстың 

қаһарлы қартқа айналғанын өз көзіңмен көресің. Осы жерде ақын Н.Оразалин Абайдан басталған 

кейіптеу дәстүрін қолданғандығын және оны өзінше түрлендіргендігін байқауға болады. 

Жалпы Н.Оразалин табиғаттың қандай көркін, жылдың қай мезгілін, тау мен даланың, жазық 

пен өзеннің, бұлақ пен шатқалдың, қысқасы табиғаттың қай көрінісін жырласа да, өзінің көңіл-

күйін,  сезімі  мен  сырын,  үміті мен  мұңын,  сағынышы  мен  арманын  өлеңмен  астастырып  үлкен 

көркемдік образ жасайды. Н. Оразалин қаламынан туған табиғат образға айналған көркем бейне. 

Сөз өнеріндегі, соның ішіндегі поэзиядағы сөзбен салынған сурет пен көңілдегі көрікті ойдың 

бір-бірімен жымдасып, ой біріктіріп, ұштасып келуін, әрбір табиғат туралы тылсым сырлы өлеңдері 

дәлел болады. Мына жырына назар аударып көрелік: 

Жұлдыздар-ай! Биікте елеңдеген, 

байқаңдаршы, батты мұң, шемен-денем.

Жапырақсыз жас қайың қабаржып тұр,

қашар ме екен бір күні менен де өлең?!

Мұң оранған мына үнсіз атырапты-ай!

Найзағайын неге аспан жатыр атпай?

Қашар ме екен бір күні менен жастық

жел үрлеген күздегі жапырақтай?!

...Жұлдыздар-ай!.. Ғарышқа елеңдескен, 

Ғашық-жүрек жетелеп, келем көшпен. 

Жапырақсыз жас қайың жабырқатты...

Өлең қайда кетпекші менен көшкен. 

Айтыңдаршы, жұлдыздар, елеңдескен?!

Тулаған ақын көңілі беймаза. Ауыр-ауыр ойлар кеудесінде күзгі аспанның бұлтындай көшеді. 

Табиғаттың тал бойындағы жетімсіздік пен жетімдікті де ақын көзі көргіш, аңдағыш. Ақын жүрегі 

тебіренгіш. Содан да болар тұтас бір жинағының атын «Беймаза көңіл» деп қойғаны. Бұл өлеңінде 

Мұқағалидің антологиялық жырымен тұтасып жатқандығы байқалады: 

Жапырақ – жүрек, жас қайың, 

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң, 

Мен қайың бола бастайын. 

Келісесің бе, жас қайың?..

Мұқағали  қайың  мен  адам  арасындағы  ұқсастықты  сезіне  отырып,  онымен  өмір  алмасуды 

философиялық тұрғыдан қарастырса, Н.Оразалин «адам мен қайың» арасындағы тіршілікке ұқсас 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет