Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Қорытынды

Әлемдік әлеуметтік-тарихи  тәжірибе  тәрбиенің басты  мақсатын – қазіргі

қоғамда  ынталы әлеуметтік  және  кәсіби қызметке  даяр,  оның  құндылықтарын

қосуға  және  көбейтуге қабілетті, үйлесімді  және  жан-жақты  дамыған    тұлға

қалыптастыру ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

Тәрбие,  оқытумен қатар,  білім  беру  процесінің маңызды  компоненттерінің

бірі  болып  саналады.  Бірін  бірі  толықтыра  отыра,  оқыту  және  тәрбиелеу  бір

мақсатқа – оқушы тұлғасының біртұтас дамуына қызмет етеді.

Оқушыны нақты пәнді оқыту процесінде тәрбиелеу проблемасы ешкім үшін

жаңалық емес екендігі мәлім бола тұра, соңғы кездері біздің педагогикада қызу

талқылануда.

Тәрбие – білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамытудың

ортақ процесіне  кіріктірілген  педагогикалық  қызметтің табиғи құрамдасы

болуы тиіс.

Осы әдістемелік ұсыныстар  сабақтың тәрбиелік,  дамытушылық және

дидактикалық  әлеуеттері  білім  берудің жаңа  мақсаттары  мен  мазмұны

тұрғысынан қарастырылады.

Білім  берудің тұлғалық парадигмасына  сәйкес  кез-келген  пәнді  оқытудағы

тәрбиелік  мақсат – оқушылардың зерттелетін  білімдерге  жеке қатынас

құндылықтарын  тәрбиелеу  және  мазмұнынан  адамгершілік құндылықтарын

бойына  сіңіру.  Оқыту  процесінде  тәрбиелеу  білімге  мағынаны қоса  беру

қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  мұғалім  мен  оқушының бірлескен әрекеті

ретінде қарастырылады.

Кез-келген сабақтың үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, сондықтан балаға тәрбие

беруде мұғалімге  зор  жауапкершілік  жүктеледі. Әдістемелік тұрғыда дұрыс

құрылған  сабақтың  әр  кезеңі  тәрбиелейді,  материалды өзекті,  талап  етілген,

қызықты етуге мүмкіндік береді.

Авторлар  сабақ – бір  жағынан,  оқытудың психологиялық-педагогикалық

заңдылықтарына,  екінші  жағынан,  білім  беру  стандарттары  талаптарына

сүйенетін мұғалім шығармашылығы деген қорытындыға келді. Мұғалім сабақта

оқушылардың

шығармашыл,

өзіндік  оқу

әрекетін


ұйымдастыруы  және

оқытудың  «белсенді» әдістері  мен  түрлі әдістемелік  тәсілдерді, арнайы

ұйымдастырылған қарым-қатынасты қолдану  арқылы  меңгеру  процесіне

жетекшілік  жасауы  тиіс.  Оқу  материалы әр  оқушының белсенді  ойлау  және

практикалық іс-әрекетінің нысаны болған жағдайда ғана білім тиімді игеріледі.

Әдістемелік ұсыныстарда педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде

тәрбиенің маңызды  рөлі  көрсетілді,  оқу  пәндерінің мазмұнында  тәрбиелік

компонентін 

күшейтудің

психологиялық-педагогикалық

мүмкіндіктері

ашылды. Жалпы  білім  беретін  мектептердің тәрбие әлеуетін  дамыту  және  іске

асыру  деңгейінің көмегімен  анықталған  және  бағаланған өлшемдер  мен

көрсеткіштер әдебиеттерді  талдау,  білім  беру  саласындағы  нормативтік-

құқықтық құжаттарды зерттеу, оқушылар мен ата-аналардың педагогикалық іс-



72

әрекетін  зерттеу,  жалпылау  және  диагностикалау негізінде  анықталды  (Б

қосымшасы).

Қазақстан  мектептеріндегі  оқу-тәрбие  процесін  зерттеу  және  талдау

негізінде

қоғамдық-гуманитарлық

және 

жаратылыстану-математикалық



циклдары  оқу  пәндерінің тәрбиелік  бағыттылығын  күшейту  бойынша  нақты

ұсыныстар әзірленгенін  атап  көрсетуге  болады.  Заманауи  мектептегі  оқу

процесінде  тұлғаның патриоттық сезімін,  адамгершілік-эстетикалық және

құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша әзірленген ұсыныстар берілген.

Сонымен,  ресми құжаттардың,  ғылыми-педагогикалық және әдістемелік

әдебиеттің,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру

ұйымдарының

зерттеу


проблемалары  бойынша  жұмыс  тәжірибесінің талдау  мектептердегі  оқу

процесінің

тәрбиелік  бағыттылығын  күшейту

үрдісін


бөліп  көрсетуге

мүмкіндік берді:

– қазақстандық білім  беру  жүйесінде  және қоғамда  тәрбиенің  әлеуметтік

мәртебесін көтеру;

– мазмұндық,  құрылымдық, технологиялық деңгейлерде  тәрбие  процесін

жаңарту және сапалы жетілдіру;

– оқу процесін даралау және біріздендіру;

– тәрбиелеу мен оқыту процесінде демократиялық стильді дамыту және т.б.

Тұлғаның  қалыптасуында  оқу  орындары  жетекші  рөл  атқарады. Әрбір

оқушы ұзақ уақыт бойы оқу және тәрбиемен қамтылған. Бұл оның ержету және

әлеуметтену кезеңі.  Бұл  жерде  оқу  процесі  маңызды  орын  алады.  Дегенмен,

қазіргі  социумда  тұлғаның әлеуметтенуі үшін ғылым  негіздері  бойынша

білімімен қатар,  белгілі  бір  сапалар  да қажет.  Бұл  сапаларды қалыптастыруда

оқу процесі тәрбие компонентінің маңызы зор. Сондықтан, ұсынылып отырған

әдістемелік құралда  оқу  процесінің тәрбиелік әлеуетін  көтеру  жолдары

қарастырылды.




73



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет