Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет13/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

3-тақырып
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ 
ҚАЗАҚСТАН (VІ—XII 
ҒҒ
.)
Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI
• 

X ғғ.)
Дамыған орта ғасырлар мемлекеттері (Х
• 

ХІІ ғғ.)
Орта ғасырдағы мемлекеттердің экономикасы мен мəдениеті
• 
1. Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI—X ғғ.)
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бет-
бұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпа-
ларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті əскер күшіне сүйенген 
Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды.
Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс 
Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Əмударияның 
жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың 
құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік 
империясының өз тілінде VII—VIII ғасырларда жазылған Орхон-
Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер ме-
кендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Ор-
хон өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп 
аталып кеткен. Ескерткіштер — VII—VIII ғасырлардағы түркі ру-
тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, 
Күлтегін (əскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты 
адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі.
Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кей-
де, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал 
қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп 
санаған.
Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын 
жеңіп, олардың 50 мыңнан астам əскерін тұтқынға алып, өз ар-
миясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі 
Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуаньдарға) қарсы 
шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік 
ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза 
табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553—572 жж.) билік құрған 


36
37
жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие бол-
ды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды 
бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып 
тұрды.
Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, 
қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар 
біріккен. Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі 
қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне 
сіңіріп жіберген.
Түріктер əуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий 
теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жер-
лерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен одақ құрып, 587 ж. Бұхара 
түбінде оларды жеңеді. Тохаристан облысы Иран қарауына өтіп, 
Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының 
шекарасы Амудария бойымен өтеді.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне 
баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы 
Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің əскери қолбасшысы
Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына 
(Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми 
өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара 
қырқыс пен əлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты əлсіретіп, 588 
жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Ви-
зантия Боспорды қайта жаулап алады. 581—618 жылдары Солтүстік 
Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан 
бетер əлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 
603 ж. қағанаттың екіге — Шығыс жəне Батыс қағанаттарына 
бөлінуімен аяқталады.
Батыс түрік қағанатының астанасы Жетісу жеріндегі Суяб 
қаласында (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы 
орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік 
қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайы-
нан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол 
Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан жəне Орта Азияның 
Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда 
қағанның орынбасарлары отырды. 
Батыс түрік мемлекетінің бірінші басшысы — қаған жоғарғы 
билеуші, бүкіл жердің иесі болды. Жоғарғы лауазымдар — жабғы, 
шад жəне елтебер қаған əулетінен шыққандарға берілді. Сот 
қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі еңбекші 
халық — “қара бұдын” (қара халық) деп аталды. Жегуй қаған (610—
618 жж.) мен оның інісі — Түн-жабғы қаған (618—630 жж.) билеген 
кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. Тохарстан мен Ауғанстанға 
жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның 
солтүстік-батысына дейін кеңейтеді. Батыс түрік қағанаты мал 
жəне егін шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда сауда-саттық 
кеңінен өрістеді. 
VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640—657) 
созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы 
соғыс қағанатты əлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы 
Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер 
мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нəтижесінде 
түргештер күшейіп, VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз 
қолдарына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет