Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


o s z y g o m a t i c u m ; 6 - m a x illa ; 7 - m andibula; 8 - porus a c u stic u s e x te m u s



Pdf көрінісі
бет111/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   369
o s z y g o m a t i c u m ; 6 - m a x illa ; 7 - m andibula; 8 - porus a c u stic u s e x te m u s ;
9 - p r o c e s s u s m a sto id e u s ; 10 
pars sq u a m o sa o s s i s tem poralis; 11 - o s o c c ip ita le ;
12 - o s parietale.
жағдайларында қорғаныш, тірек және қозғалыс үшін қажет сүйек 
тінімен одан әрі ауыстырылады.
Омыртқалылардың басқа кластарында шеміршек тіні түгелге жуык 
сүйек тінімен ауыстырылып, беріктігімен ерекшеленетін сүйекті 
бассүйек қалыптасады. Оның жекелеген сүйектерінің дамуы, мысалы, 
шеке сүйектің қүрылысының біршама қарапайымдылығы және бас- 
сүйектің барлық қызметтеріне қатысып, есту, тепе-теңдік (гравитация) 
ағзалары жайғасатын орын болып табылатын самай сүйегінің құры- 
лыстарының күрделі болуы осымен түсіндіріледі. Қүрлықта тіршілік 
ететін жануарларда сүйек саны азайып, бірақ олардың қүрылысы 
күрделенеді, өйткені бірқатар сүйектер бүрынғы дербес сүйекті түзі- 
лістердің бітісіп-өсу өнімі болып табылады.
Сүтқоректілерде ми сауыты мен висцералды бассүйек өзара бітісіп 
кетеді. Адамда ми мен сезім мүшелерінің барынша жақсы дамуымен
7—210
97


байланысты neurocranium шамасы жағынан едәуір үлкейіп, висцералды 
бассүйектен басым келеді.
Висцералды бассүйек алғашқы ішектің бас бөлімінің бүйір 
қабырғаларында қаусырылған жұп желбезек доғалары материалынан 
дамиды. Суда тіршілік ететін қарапайым омыртқалыларда желбезек 
доғалары желбезек саңылаулары арасында метамерлі орналасады, 
желбезек саңылаулары арқылы тыныс алу мүшелері болып табылатын 
желбезектерге өтеді.
I және II желбезек доғаларында дорсалды және вентралды 
бөліктерін ажыратады. I доғаның дорсалды бөлігінен жоғарғы жақсүйек 
дамиды, ал I доғаның вентралды бөлігі төменгі жақсүйектің дамуына 
қатысады. Сондықтан бірінші доғада processus maxillaris және processus 
mandibularis-ті ажыратады.
Жануарлардың судан құрлыққа ауысуына байланысты бірте-бірте 
өкпе, яғни ауа типті тыныс алу мүшесі дамып, ал желбезектер маңызын 
жоғалтады. Осымен байланысты құрлықтағы омыртқалылар мен адамдар 
желбезек қалталары ұрықтық кезеңде ғана сақталып, ал желбезек 
доғаларының материалы бет сүйектерін құруға жұмсалады. Сөйтіп, бас 
каңқасының эволюциясының қозғаушы күштері судан құрлықта тіршілік 
етуге ауысу (қосмекенділер), құрлықтағы тіршілік жағдайларына 
бейімделу (омырталылардың басқа кластары, әсіресе сүтқоректілер) 
және ми мен оның құрамдары - сезім мүшелерінің барынша дамуы, 
сондай-ақ сөз сөйлеудің (адамда) пайда болуы болып табылады.
Эволюцияның осы бағытын бейнелей отырып, адам бассүйегі 
онтогенезде үш даму сатысынан өтеді: 1) дәнекер тінді, 2) шеміршекті 
және 3) сүйекті. Екінші сатының үшіншіге ауысуы, яғни шеміршек 
негізінде екінші сүйектердің қалыптасуы адамның бүкіл өмірі бойы 
жүреді. Бассүйектің күмбезі (тек миды қорғау қызметін атқаратын) 
шеміршек сатысына соқпасан жарғақты бассүйектен дамиды. Бұл жерде 
де дәнекер тінінің сүйек тініне ауысуы адамда бүкіл өмір бойы жүреді. 
Сүйектенбеген дәнекер тінінің қалдықтары жаңа туған нәрестеде еңбек 
және балалар мен ересектерде жік түрінде бассүйек сүйектері арасында 
сақталады (төменнен қараңыз). Омыртқа бағанасының жалғасы болып 
табылатын ми сауыты бас сомиттерінің склеротомдарынан дамиды
олар chorda dorcalis-тің алдыңғы шетінің айналасында шүйде бөлімінде 
3-4 жұп болып басталады.
Склеротомдардың мезенхимасы мидың көпіршіктері мен дамып 
келе жатқан сезім мүшелерін қоршап, шеміршек қапшығын (капсула), 
cranium primordiale (бастапқы), түзеді, ол омыртқа бағанасындай емес, 
сегменттелген күйде калады. Хорда бассүйекте гипофизге, hypophysis, 
дейін өтеді, осыдан хордаға қатысы жағынан бассүйекті хордалы және 
алғы хордалы бөліктерге бөледі. Алғы хордалы бөлікте гипофиздің 
алдыңғы жағынан тағы да шеміршектер жүбы немесе бассүйек 
трабекулалары, trabeculae cranii, бастама береді, олар иіс сезу мүшесін
98




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет