жалгасы
1
2
3
III,
IV
бакайл арды
II
бак ай д ан ә к е т у
mm.
m tero ssei
d o rsa les,
abdu ctor d igiti m in im i (V
бақай үш ін )
A r tic u la tio n e s
in terp h alan geae
(II-V бак ай л ар )
Б үгу
m m .
fle x o r
d igitoru m
lo n g u s,
fle x o r
d igitoru m
b revis
A r tic u la tio n e s
in terp h a la n g ea e
(II-V бак ай л ар )
Ж азу
m m .
e x te n so r
d igitoru m
lo n g u s, e x te n so r d igitoru m
b rev is, lu m b ricales
БҰЛШЫҚЕТТЕР ТУ РАЛ Ы ІЛІМ - MYOLOGIA
Жалпы миология
Б ұ л ш ы қ е т т е р д ің д а м у ы .
Тұлға бұлшықеттері мезодерманың
біріншілік сегменттерге немесе сомиттерге бөлінетін, хорда мен ми
түтігінің бүйірлерінде жатқан дорсалды бөлігінен дамиды. Омыртка
бағанасын түзеуге кететін склеротом бөлінгеннен кейін сомиттің қалған
дорсомедиалды бөлігі миотом түзеді, оның жасушалары (миобластар)
бойлық бағытта созылып, бір-бірімен қосылып, одан әрі бүлшықет
талшықтарының симпластарына айналады. Миобластардың бір бөлігі
симпластармен қатар жататын ерекше жасушаларға - миосателлиттерге
айналады. Миотомдар вентралды бағытта өсіп-үлғайып, дорсалды және
вентралды бөліктерге бөлінеді (115-сурет). Миотомдардың дорсалды
бөлігінен түлғаның арқа (дорсалды) бүлшықеттері, ал вентралды
бөлігінің тұлғаның алдыңғы және бүйір жақтарында орналасқан және
вентралды деп аталатын бүлшықет пайда болады. Әрбір миотомға
(миомерге) аттас жүлын нервісінің (невромердің) тармағы бітісіп-өседі.
Миотомның екі бөлікке бөлінуіне қарай нервтен екі тармақ шығады,
олардың дорсалды (артқы) тармағы миотомның дорсалды бөлігіне, ал
вентралды (алдыңғы) тармағы миотомның вентралды бөлігіне кіреді.
Бүл миотомнан пайда болатын барлық бүлшықеттер бір ғана жұлын
нервісімен қамтамасыз етіледі. Көршілес миотомдар бір-бірімен
бітісіп-өсуі мүмкін, бірақ бітісіп-өскен миотомдардың әркайсысы өзіне
жататын нервті сақтайды. Сондықтан бірнеше миотомнан пайда
болатын бүлшықеттер (мысалы, іштің тік бүлшықеті) бірнеше нервпен
нервтендіріледі. Алғашқы кезде миотомдар әрбір жағында бір-бірінен
көлденең дәнекер тінді
қалқалар,
myosepta аркылы бөлінеді.
Бүлшықеттердің бүлайша сегментті орналасуы карапайым жануарларда
өмір бойы сақта лады. Ал күрделі омырткалылар мен адамда бүлшық- ет-
227
тердің едәуір даралануы
(дифференциялануы) нә-
тижесінде
сегменттену
біраз жойылады, деген-
мен оның іздері дорсалды
бұлшықетте де (омырт-
қалар арасындағы қысқа
бұлшықеттер), сондай- ақ
венралды бұлшықетте де
(қабырғааралық бұлшы-
қеттер мен іштің тік бұл-
шықеті) қалады. Тұлғада
дамыған бұлшықеттердің
бір бөлігі орнында қалып,
жерглікті,
аутохтонды
бұлшықет
(autos-соның
өзі,
chton
грекшежер)
түзеді. Басқа бөлігі даму
процесінде тұлғадан қол-
аяқтарға ауысады. Мұн-
дай бұлшықеттер трун-
кофугалды (truncus-тұл-
ға, fugo-қашырамын) деп
аталады. Ақырында, бұл-
шықеттердің үшінші то-
бы қолаяқтарда пайда
болып, тұлғаға ауысады.
Бұл трункопеталды бұл-
шықеттер (peto-тырыса-
мын). Нервтендіру негі-
зінде әруақытта аутохтонды (яғни, сол жерде дамыған) бұлшықетті осы
жерге ығысып келген бұлшықеттер - келімсектерден ажыратуға болады.
Қол-аяқ бұлшықеттері қол-аяқ бастамасы мезенхимасынан түзіліп,
нервтерін иық және бел-сегізкөз түйіндері арқылы жұлын нервтерінің
алдыңғы тармақтарынан алады. Қарапайым балықтарда (селахий) тұлға
миотомдарынан бұлшықет бүртіктері өсіп шығады, олар жүзу қана-
тының дорсалды және вентралды жақтарына орналасқан екі қабатқа
бөлінеді. Дәл осылайша құрылықта тіршілік ететін омыртқалыларда
бұлшықеттер қол-аяқ қаңқасының бастамасына алғашқы кезде
дорсалды және вентралды (жазғыш және бүккіш бұлшықеттер)
орналасады. Одан әрі дифференциаланғанда қол бұлшықеттерінің
бастамалары проксималды бағытта да өсіп-ұлғайып (трункопеталды
бұлшықеттер), аутохтонды тұлға бұлшықетін кеуде және арқа жағынан
да жауып тұрады (mm. pectorales major et minor, m. latissimus dorsi).
Достарыңызбен бөлісу: