Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Ш е к т е с н е м е с е э п и т е л и й т і н д е р і



Pdf көрінісі
бет38/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   369
Ш е к т е с н е м е с е э п и т е л и й т і н д е р і
 
сыртқы ортамен шектесетін 
беттерде (тері типті эпителий) орналасады, сондай-ақ қуыс ағзалардың 
қабырғаларын (ішек типтес эпителий) және дененің тұйық қуыстарын 
астарлайды. Тамырларды ішкі жағынан астарлайтын эпителий- 
эндотелий деп аталады. Түтікше, қапшық және басқа құрылымдар 
пішіндес эпителий жасушаларының кешендері без (безді эпителий) 
түзеді. Эпителилердің негізгі қызметі - жабын болу және секрет 
шығару.
І и ік і о р т а т ін д е р і н е м е с е д ә н е к е р т ін д е р .
 
Олардың сыртқы ортамен 
тікелей байланысы жоқ, қасиеттері жағынан алуан түрлі және 
атқаратын ортақ қызметі - организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын 
сақтау (гомеостаз) негізінде бір топқа біріктірілген. Омыртқалылардың 
эволюциясы барысында ішкі орта тіндері түрлі-түрлі бағытта дамыды: 
бір топша трофикалық және қорғаныш қызметін атқара бастады (сұйык 
тіндер - қан мен лимфа және қан түзуші тіндер); басқа топша тірек 
қызметін атқара бастайды (талшықты дәнекер, шеміршек және сүйек 
тіндер). Бұл жіктеуді одан әрі жіктей беруге болады. Айталык, 
шеміршек тін жасушааралық затының сипаты бойынша гиалинді немесе 
шынытәрізді, талшықты немесе фиброзды және серпінді талшыктар 
торы бар серпінді болып келеді. Сүйек тіні - беріктігі жағынан темір мен 
граниттен бірнеше есе асып түсетін бүкіл организмдегі ең қатты және 
мықты тін. Оның бұл қасиеті ізбес қабаттарымен қаныққан жасу- 
шааралық затқа байланысты.
Б у л ш ъ щ е т т ін д е р і.
 
Функционалдық белгісі - жиырылу қабілеті 
бойынша біріктіріледі. Жиырылатын элементтері бірнеше көздерден 
дамиды және құрылыстары әр түрлі болады.
Ішектің, несеп шығаратын жолдардың және т.б. қабырғаларындағы 
бірыңғай салалы (тегіс) бұлшықет тіні еріксіз, баяу жиырылады, ішінде 
жіңішке жіпшелері - миофиламенттері бар ұршық тәрізді жасушалардан 
тұрады. Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшықет тіні адамның еркіне 
бағынады. Талшықтардың ішінде де көлденең-жолақты миофибрилдер 
түріндегі өзіне тән элементтері болады. Олардың жиырылу жыл- 
дамдығы аса жоғары. Жүректің бұлшықет тіні орналасуы мен 
құрылысы жағынан қаңқалық бүлшықет талшықтары фибрилдерінен 
өзгешеленетін көлденең-жолақты фибрилдері бар жасушалардан 
тұрады. Сонымен қатар жүрек етінің айырмашылығы - біздің еркімізге
40




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет