Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


дерталь адамы - алғашқы қауым адамы (H om o primigenius) 3) акылды адам



Pdf көрінісі
бет68/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   369
дерталь адамы - алғашқы қауым адамы (H om o primigenius) 3) акылды адам
(H o m o sapiens). Ақылды адамның түр тармақтары: қазба ж әне қазіргі адам.
Гоминид тұқымдасының (Hominidea) басында Homo habilis нағыз 
еңбек әрекетін бастаған білікті адам түрған.
Антропологияда антропогенез үрдісін үш сатыға бөледі.
1. Австралопитек типті адамның антропоидты ататектері (оңтүстік 
африкалық адамтәрізді маймыл).
2. Өте ертедегі адамдар (архантроптар) және ертедегі адамдар 
(палеоантроптар).
3. Неоантроптар (қазба және қазіргі кездегі адам).
Адамның архантроптар мен палеоантроптар сатысындағы калып- 
тасуы бұл адамдардың биологиялық эволюциясымен байланысты; ал 
неоантроптардың пайда болуымен әлеуметтік заңдардың үстемдігі 
бекіп, адамның түрлік ерекшеліктері одан әрі елеулі морфологиялық 
ерекшеліктерге ұшыраған жоқ.
Адамның пайда болуы туралы еңбек теориясы.
Ч. Дарвин өзінің 
атақты “Түрлердің шығуы” (1859) және “Адамның шығуы” (1871) деген 
шығармаларында аса мол жаратылыс - ғылыми материалды пайдаланып 
адам мен жануарлардың шығу тегінің бірлігін, адамның қайсыбір қүрып 
кеткен адамтәрізді маймылдардан шыққанын дәлелдеді. Сондықтан 
адамға 
өзінің 
маймылтәрізді 
ататектерінен 
берілген 
көптеген 
анатомиялық белгілер кездеседі, олар туралы анатомияның тиісті 
бөлімдерінде әңгіме болады. Алайда, адам ең алдымен тікелей еңбек
61


әрекеті және коғамдық өмірмен, яғни әлеуметтік ортамен байланысты 
пайда болған өзінің бүкіл психикалық даму деңгейімен ерекшеленеді.
Адамның адамтәрізді ататектен шыққанын дәлелдеп, Дарвин 
антропогенез мәселесін тек биологиялық дәлелдемелер негізінде 
біржақты шешті, ол бұл ататектің адамға айналуына себеп болған 
шешуші факторларды атап бере алмады.
Ф. Энгельс өзінің атақты “Маймылдың адамға айналуындағы 
еңбектің рөлі” атты еңбегінде маймылдың адамға айналуында негізгі 
фактор еңбек болғанын көрсетті. Энгельстің айтуынша, адамды адам 
еткен еңбек. Энгельс жасаған “адам пайда болуындағы еңбек 
теориясының” мәні мынаған келіп тіреледі: бұдан көптеген жүз 
мыңдаған жылдар бұрын, үштік дәуірде, ыстық белдеуде денесін түк 
басқан, сақалдары мен сорайған құлақтары бар, үйір-үйірімен 
ағаштардың арасында тіршілік еткен аса жоғары дамыған адам тәрізді 
маймылдардың тұқымдары тіршілік еткен. Ағаштардың басында 
қозғалып жүру әдісі алдыңғы аяқтарының жаңа кызметінің пайда 
болуына себеп болды, олар ағаш бұтақтарын қармап, денелерін бір 
ағаштан екінші ағашқа лақтыру (брахиация) қабілетіне ие болды да, 
осылайша алдыңғы аяқтары қолға айналды. Содан кейін бұл маймылдар 
жер бетінде жүрген кезде қолдарын пайдаланбай, тік жүруді меңгере 
бастайды. Осы арқылы маймылдың адамға айналуы үшін шешуші кадам 
жасалды. Қол босап, біртіндеп “...өмірге Рафаэльдің суреттерін, 
Торвальдсенің мүсіндерін, Паганинидің музыкасын сиқыршының 
күшіндей өмірге келтіретіндей жоғары дамыған сатыға жетті” (Маркс 
К., Энгельс Ф. Шығ. 2-басылым, 20-том, 488-бет).
Қол - маймылдардағы қозғалыс мүшесінен адамда еңбек мүшесіне 
айналып, енді ол жауларынан қорғану үшін таяқты ұстап немесе 
жауларына жеміс немесе тастарды жаудыратын маймылдар сияқты 
қоршаған табиғаттың дайын заттарын пайдалану ғана емес, сонымен 
бірге еңбек қүралдарын жасау мүмкіндігіне ие болды. Маймылдар 
табиғатты өз қажеттеріне бейімдей алмайды, олардың өздері табиғатқа 
бейімделеді. Адам пішінді маймылдарды эксперименттік зерттеу 
негізінде кейбір ғалымдар былай деп есептейді: маймылдар да кейде өте 
қарапайым еңбек құралдарын жасай алады. Сондықтан адамның 
маймылдан айырмашылығы тек еңбек құралдарын жасау қабілетінде 
емес, оларды жүйелі жасай және пайдалана білу қабілетінде (VII 
Халықаралық антропологтар конгресі, 1964).
Адам қолы бүлшықетінің, сіңірдің, ал кейін сүйектердің біртіндеп 
дамуы, сондай-ақ нерв жүйесінің дамуы арқасында және сананың 
өсуінен еңбек құралдарын жасау қабілетіне ие болып, адамға солардың 
көмегімен қоршаған табиғатты өз қажеттеріне қарай бейімдеуге 
мүмкіндік тудырды. Адамның үдайы еңбек әрекетінің әсерінде бола 
отыра, оның қолдары маймыл қолдарынікінен басқа түрге ие болды да, 
осыдан келіп “еңбек қүралы ғана емес, оның өніміне” де айналды.
62


Алайда кол нендей бір өзіндік нәрсе е.мес сді, ол тұтас организм 
мүшелерінін біреуі ғана еді де, колға пайдасы болғаннын бүкіл денеге 
де пайдасы тиді. Қол мен енбектін дамуымен басталған адамнын 
табиғатқа үстемдігі оның ой өрісін кенейтіп, ал еңбек қоғам 
мүшелерінің топтасуына көмегін тигізді. Сондыктан калыптаскан 
адамдарда бір-біріне бірдене айту, катынас кажеттігі пайда болды. Бүл 
қажеттік өзіне ағза жасады: маймылдарда дамыған көмекей біртіндеп 
ауыз ағзаларымен бірге сөз сөйлеу ағзаларына айнала өзгеріп, мүның өзі 
адам санасынын одан әрі ашылуына себеп болды. Енбек, одан кейін 
түсінікті сөз сөйлеу мидың дамуын жеделдетіп, ол барган сайын адам 
миына жинала берді. Мидың дамуымен бірге оның ең жакын күралдары 
- адамға қоршаған ортада барған сайын жақсы бағдарлауға мүмкіндік 
тудыратын сезім ағзаларының дамуы катар жүрді.
Еңбек пен сөз сөйлеудің адамның дене күрылысына өзара эсер 
етуінің бұл үрдісі жүз мыңдаған жылдарға созылып, соның нәтижесінде 
маймыл үйірлерінен адамдардың коғамы пайда болды. Адамның 
эволюциясының бірқатар кезеңдерін - питекантроп, гейдельберг адамы, 
неандерталдық және қазіргі адам - бастан өткізе отырып, адам орга­
низм! қазіргі тіршілік етуші адамдарға тән жоғарылау күрылыска ие 
болды. Адамды адам пішінді маймылдардан өзгешелейтін тәндік 
белгілерге мыналар жатады:
1) тік жүру;
2) қол - еңбек мүшесі;
3) түсінікті сөз сөйлеу;
4) ми мен басүйектің жоғары дамуы;
5) дененің тік қалпына сәйкесті ішкі ағзалардың орналасуы;
6) терінің түк басуынан арылуы.
Осыған байланысты адамның барлық ағзалары мен жүйелерінің 
бірқатар тәндік ерекшеліктері бар, олар туралы анатомиялык 
материалды баяндағанда тиісті жерлерінде баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет