74
Көрнекілік қағидасы
білім беру процесіндегі сезім органдарының
іске қосылуын қамтамасыз етуде көрнекі құралдарды пайдалану қажет.
Аталған қағида дамудағы кемшілікті компенсациялау арқылы қалыпқа
келтіруге болжам жасайды. Оқыту процесі кезінде заттық көрнекіліктер
(муляждар, макет, ойыншықтар), бейнелі құралдар (иллюстрациялар,
слайдтар, картиналар, фильмдер), шартты-символдық белгілер (сызбалар,
символдар, формулалар, графикалар) түріндегі түрлі көрнекі құралдар
қолданылады. Көрнекі құралдарға таңдау жасау баланың жас
ерекшелігіне, дамудағы кемшіліктің түріне, оқу бағдарламасының
мазмұнына байланысты жүргізіледі.
Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке көмек көрсету қағидасы
арнайы
білім беру мекемелеріндегі сыныптар толымындағы ерекшеліктер, топтық
және жеке оқыту формаларын ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқыту мен тәрбиелеудегі саралау принципі
баланың жеке даму
ерекшеліктеріне қарай (жоғары жүйке жүйесі әрекетінің дамуы,
темперамент, ойлау операцияларының жылдамдығы, еңбек етудегі,
білімді игерудегі қабілеті, эмоциялық-ерік сферасы) балалар катеогриясын
типологиялық ерекшеліктерге бөлуді ұсынады.
Оқытудың ұжымдық сипаты
оқушының
әлеуметтік ортаға
бейімделуі, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: