118
Реабилитация –
дамудағы кемшілікті
медициналық құралдардың
көмегімен қалыпқа келтіру процесі. Реабилитациялау процесінде аурудың
әсерінен болған кемшіліктер компенсацияланады.
Әлеуметтік бейімдеу
(латын тілінен аударғанда rehabilitas) керексізді,
қабілетті қалыпқа келтіру дегенді білдіреді. Медициналық-педагогикалық
мағынада МШ баланы әлеуметтік ортаға қосу, оның психофизикалық
мүмкіндігіне қарай қоғамға, еңбекке араласуға дағдыландыру процесі.
Оқушының мектепке дайындығын анықтау, оңтайлы педагогикалық
жағдайларды жүзеге асыру жалпы педагогика, арнайы педагогика,
физиология, психоневрологиялық аурулардың клиникасы, әлеуметтану
пәндерінің бірігуімен жүзеге асады.
Бала тұлғасының ерекшеліктерін жүйелі түрде талдау бала
дамуындағы
кемшіліктерді ғана емес, жеке даму динамикасын,
кемшіліктердің себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалау
жұмыстарының
міндеттері
кеңес
беру-диагностикалау
арқылы
педагогикалық процестің коррекциялық-дамыта оқыту бағытында
құрылуына, профилактикалауға, бала денсаулығын шынықтыруға, оқу-
тәрбие процесінің топтық, жеке түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Оңтайлы түрде педагогикалық жағдайларға таңдау жасауда
баланың жеке ерекшеліктерін ғана емес, жас ерекшелік кезеңдерін де
есепке алуымыз керек.
Дамудағы
екінші
кемшіліктің
алдын
алуда
жүргізілетін
коррекциялық-педагогикалық
міндеттер
білім
берудің
арнайы
құралдарының көмегімен
кемшілікті коррекциялау, компенсациялау
процесін жүзеге асырады. Себебі, дамудағы кемшіліктің әсерінен болған
жағымсыз жағдайларды түзетуде білім беруің мазмұны мен формалары
анықталады. Мысалы, есту қабілеті бұзылған бала бойындағы
кемшіліктерді түзетуде қосымша пайда болған кемшіліктерге де назар
аударып, есту қалдығын дамыту, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру,
сөйлеу әрекетіне баулу, ерін қимылынан оқуға дағдыландыру,
байланыстырып сөйлеуге үйретудегі коррекциялық-педагогикалық қолдау
жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан білім
беру бағдарламаларының оқу
материалдарын игертуді ғана емес, әлеуметтік бейімдеу, кеңістік пен
уақыт арасындағы бағдарлау дағдысын қалыптастыру, өз-өзіне қызмет
ету, тұрмыстық дағдыларды игерту, қарым-қатынастың түрлі формаларын
игерту, тәртіп нормаларын игерту жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс.
Интеллектінің сақталу деңгейіне қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
білім беруді түрлі деңгейде игерулері мүмкін. Мысалы, саңыраулар,
нашар еститін балалар, соқырлар, нашар көретін балалар,
тірек-қимыл
аппараты бұзылғандар, эмоциялық-ерік сферасы мен тәртібі бұзылғандар,
күрделі тіл кемшілігі анықталған балалар орта білімді игерумен
шектелмей, орта және жоғары кәсіби білімді игере алады. Интеллектісі
119
бұзылған тұлғалар қарапайым түрдегі жалпы білімді игеруде
дайындықтан өтіп, интенсивті түрдегі интеллектуалдық мүмкіндікті қажет
етпейтін мамандықты игеруге қабілетті.
Ақыл-ой дамуындағы кемшіліктің күрделі деңгейі анықталған
тұлғалар жеке дамыту бағдарламасы бойынша білім алып, даму
ерекшеліктеріне қарай гигиеналық, қарапайым тұрмыстық дағдыларды,
қарапайым еңбек дағдыларын игереді. Арнаулы білім берудің мазмұны
дамудағы кемшіліктің ерекшелігіне ғана емес,
жас ерекшелік кезеңіне
байланысты құрылады.
Осы жағдайларға байланысты арнайы білім беру мекемелеріне
арналған оқу жоспарларынан бірнеше ерекшеліктерді байқауымызға
болады.
Жалпы білім беру циклындағы бағдарламалар
бойынша пәндер тізімі
жалпы білім беретін мектептерге ұқсас келеді. Зиятының жетіспеушілігі
бар балалардан басқа МШ балалар топтары цензалы білім алады. Кейбір
бөлімдерді оқытудағы сағат сандарының қысқаруы байқалады. Мысалы
шет тілі арнайы мектептің көбінде оқытылмайды.
Коррекциялық бағыттағы пәндердің оқытылу
мүмкіндігі шектеулі
балалар дамуының сипатына қарай анықталады. Мысалы зағип және
нашар көретін балаларға арналған мекемелерде «Кеңістікті бағдарлау», тіл
кемістігі бар оқушыларға «Қоршаған ортамен таныстыру және тіл
дамыту», ой-өрісінің жетіспеушілігі бар оқушыларға «Әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлау» пәндері оқытылады.
Коррекциялық пәндер
бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына енгізілгендіктен,
бастауыш буындағы оқытудың ұзақтығы 4-5 жылға созылады. Оқу
жылының жалпы уақыты 10-12 жылмен есептеледі. Осы уақыт
аралығында арнайы мектеп оқушылары (зияты зақымдалған балаларға
арналған мектептерді қоспағанда) жалпы білім беретін мектептің 9 – шы
сыныбына арналған оқу бағдарламасын игереді.
Достарыңызбен бөлісу: