Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет6/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
 
Дескриптор 
 
Білім алушы 

Дерек бойынша Түрік қағанаттары басқа елдермен қарым- 
қатынаста қандай мақсатты көздегенін талдайды; 

Күлтегін жазбалары Түрік қағанатының әскері туралы қандай 
мағлұмат бергенін талдайды; 

Күлтегін мен Білге қағанның батырлығын дәлелдейтін 
деректер талдайды; 

Деректің құндылығы анықтайды. 
 



Тақырып 
Атлах шайқасы 
Оқу мақсаты
6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау 
 
Бағалау критерийі
 
Білім алушы

Атлах шайқасының тарихи маңызын жіктейді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары
 
 
Тапсырма 
Берілген мәтінді оқып, Атлах шайқасының тарихи маңызын 5R маңыздылық кестесінде
талдаңыз. 
 
751 жылы араб және қытай әскері Талас өзенінің жағасындағы шағын Атлах 
қаласының түбінде кездесті. Қазір бұл қаланың орны бүгінгі Тараз қаласына таяу аймақта. 
Шайқас шілде айында өтіпті. Қытайлар ұрыс даласына 100 мың жауынгермен келген. 
Шайқас арабтың алдыңғы шебіндегі атты әскердің шабуылынан басталды. Қытайлар тіке 
шабуылды тойтарған соң, жағаласуға негізгі күштер еріксіз тартылып кетті. Бес күнге 
созылған жанталаста араб та, қытай да аянған жоқ. Әділдігі керек, ортағасырлық араб 
тарихшылары қытай сарбаздарының қайсарлығы мен төзімділігін баса көрсеткен. Алайда 
күші тепе-тең дұшпандар итжығыс болып, бірін-бірі жеңе алмады. Тек шайқастың соңғы 
күні ғана жан алысып, жан беріскендерді сырттай бақылап тұрған түркештер кенеттен 
қытайлардың сол қанаты және ту сыртынан соққы берді. Мұны күтпеген олар кейін 
шегінуге мәжбүр болды. Ұрымтал шақты құр жібермеген арабтар қарсыласын тықсыра 
бастады. Әскери сабы бұзылып, рухы түскен шығыс басқыншыларының тас-талқаны 
шықты. Шығысқа қарай үдере қашқан жауды қарлұқтар мен арабтың атты әскері шамамен 
жеті шақырымға дейін қуыпты. Х ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Әл Макдиси «Китаб 
әл-бәд ва-т-арих» атты еңбегінде: бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 
мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті деп жазады.Қатты әлсіреген жау Жетісу өңірін тастап 
кетті. Сонан кейін мың жыл бойына қазақ жері қытай әскерінің табанына тапталған жоқ. 
Тек 1757 жылы ғана жоңғарларды жер бетінен құртып жіберген қытайлар Абылай 
әскерімен бетпе-бет келіпті. 
5 R маңыздылық кестесі: 
Есте 
Қалатыны 
(
Бұл оқиғаны есте сақтайды 
ма?,Кім?,Қайда?) 
Нәтижелілігі 
(Бұл оқиға қандай нәтижеге алып 
келді?) 
Айрықша 
Мәнділігі 
(Бұл оқиға нақты сол уақытта қандай 
көрініс тапты? 
Бұл оқиғаны маңызды немесе бірегей 
деп санады ма?) 
10 


Жаңғырығы 
(Біздің мәдениетте бұл оқиға көрініс 
табады ма? 
Қазіргі қоғамның қалыптасуына бұл 
оқиға өзінің әсерін тигізді ме? 
Адамдар бұл оқиғадан сабақ алды ма?) 
Айқындайтын\ 
басқа да қырларды түсінуге жол 
ашатындығы 
(
Бұл оқиға сол уақыттағы адамдардың 
ой-пікірі мен әрекеттері туралы қандай 
ақпарат бере алады?) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет