Сарыбайқызы Іңкәр
СӨЖ 9 "Этнос","халык","ұлт""этникалық топ" ұғымдарын салыстырыныз.
Этнос, этникалық қауымдастық
[грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен
ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге
бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық
дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт
және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде
қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Халық
(тұрғындар) — қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын
жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу
өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа
тәуелділігімен түсіндірілді. Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы
250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем
халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында
әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен.
1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі
33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл). 1999 ж. 12
қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді.
Ұлт
(ағылш.
Nation
) — тіл, тарих, қандастық, мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде
қалыптасқан адамдар қауымдастығы. Ол ұжымдық идентитиге ие адамдар тобы болып,
аталған белгілерді ортақ ерекшелік етеді. Кей ұлттар этникалық топтармен (мысалы,
немістер, қазақтар) тең мағынада болса (қараңыз: этникалық ұлтшылдық); ал кейі
әлеуметтік және саяси конституцияға тән болуымен (мысалы, американдар) ерекшеленеді
(қараңыз: Азаматтық ұлтшылдық және мультикультурализм).
Этникалық топ
(ағылш.
Ethnic group
, немесе
этностық
ағылш.
ethnicity
) — өзге топтардан
өздерін ерекшелейтін ортақ қасиеттері арқылы өзара бірлікке ие болатын адамдар тобы.
Этносты идентитилейтін ортақ қасиеттерге олар өмір сүретін өңірдегі ортақ дәстүр,
қандастық, тіл, тарих, қоғам, мәдениет, ұлт, дін, әлеуметтік мәміле секілділер жатады.
[1][2][3]
Этнос термині этникалық ұлтшылдық жағдайында ұлтұғымымен негізінен ұқсасырақ
мағынада қолданылады, дегенмен нәсіл ұғымынан өзіндік айқын айырмашылығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |