І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография


ДЫБЫС ЖҤЙЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет3/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
Кенесбаев pdf

ДЫБЫС ЖҤЙЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 
 
Тҥpкі тіл біліміндегі фонетикалық зерттеулер мен І.Кеңесбаев 
еңбектерінің сабақтастығы 
Кез келген ғылымның ӛзіне тән бастау кӛзi, қалыптасуы, даму жолдаpы 
болады. Осы даму жолдаpын қаpастыpу нәтижесінде оның зеpттелу таpихы 
анықталып, негізін қалаған адамдаpдың, тҧлғалаpдың есімдері айқындалады. 
Ал тҧлғалардың тарихтағы, әлемдегі алатын орны қандай деген сҧраққа жауап 
іздеу ғылым тарихы ҥшін ғана қажет емес, сонымен қатар философияның да 
басты мәселесі болып табылады: "Проблема личности в философии – это 
прежде всего вопрос о том, какое место занимает человек в мире, чем он 
фактически является и чем он может стать, каковы границы его свободного 
выбора и социальной ответственности" [2, 313-б.]. Сондай тҧлғалаpдың бipi – 
қазақ тiлiнің дыбыс жҥйесін академиялық жҥйе деңгейiне кӛтеpген зеpттеушi 
Iсмет Кеңесбайҧлы Кеңесбаев. 
І.Кеңесбаевтың тҧлға ретінде қалыптасуына, "Қазақ тілшілерінің атасы" 
(патриархы) атанып, ғылым сахнасының тӛрінен орын алуына объективті және 
субъективті жағдайлар әсер еткен. Ең алдымен, оның оқып, тәлім-тәрбие алған, 
білім-ғылыммен сусындаған оқу орындары аталады. Жастайынан оқуға қҧштар 
болып, мҧсылманша хат таныған ғалым 1921 жылы Тҥркістан қаласындағы 
орыс мектебінде, кейін 1922-1926 жылдары сол кездегі ірі білім ошағы – 
Ташкент қаласындағы Қазақтың Халық ағарту институтында оқиды. 1926 
жылы аталған оқу орны Қазақ педагогикалық институты болып қҧрылғанда, 
оған қайта оқуға тҥседі де, екінші курсын тәмамдаған соң Ленинградтағы 
Шығыстану институтының тҥркология бӛлімшесіне ауысады. 1931 жылы білім 
жолы еңбек пен зерттеу жолына ҧласады. Екінші ретте аталатын жағдай – білім 
нәрін бойына сіңіріп, ғылымға деген қҧштарлығы мен сезімін оятқан ҧстаздары. 
Ташкентте оқығанда екі жылдай А.Байтҧрсынҧлының тәлім-тәрбиесін алуы, 
Ленинград 
қаласында 
А.Н.Самойлович, 
Л.В.Щерба, 
И.И.Мещанинов, 
С.Е.Малов, И.Ю.Крачковский, В.В.Бартольд сынды ірі тіл зергерлерінен дәріс 
тыңдауы І.Кеңесбаевтың болашақ бағыт-бағдарын белгілеуіне зор әсері тиген. 
Ҥшіншіден, ҚазПИ қабырғасында А.Байтҧрсынҧлы, Х.Досмҧхамедҧлы, 
С.Асфендияров, Т.Шонанов, Қ.Жҧбанов, Медицина институтында Е.Омаров 
сынды қазақ зиялыларымен, Ғылым академиясында Қ.И.Сәтбаев, М.О.Әуезов, 
А.Жҧбанов, Ә.Бектҧров, Н.Сауранбаев, С.Мҧқанов, Қ.Жҧмалиев, М.Балақаев, 
С.Аманжолов, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов т.б. білім майталмандарымен 
қызметтес болып, тығыз қарым-қатынаста араласуы ғалымның ҧстаздық 
жолымен қатар, зерттеушілік бағытын да анықтайды. Тӛртіншіден, жалпы 
лингвистикалық, тҥркологиялық терең білім алған ғалым ҚазПИ оқытушысы, 
доценті, профессоры (1931-1946), Халық ағарту комиссариатының әдіскері 
(1931-1934), Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы (1932-1935), КСРО ҒА 
Қазақстандық филиалы Тіл және әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері 
(1936-1939) т.с.с. қызметтерді қатар атқарады. Бҧл І.Кеңесбаевқа деген 
сеніммен қатар, қиын да кҥрделі ғылым-білім жҥгін арқалауды талап етті. 
Бесіншіден, қазақ жерінде мектептер мен училищелердің кӛптеп ашыла 


бастауы, жоғарғы оқу орындарының салынуы және оларға қажетті оқу қҧралдар 
мен оқу әдістемелік нҧсқаулардың тапшылығы І.Кеңесбаевты әліппе, 
монография, грамматикалық оқулықтар мен оқу қҧралдарын жазуға, сӛздіктер 
қҧрастыруға итермелейді. Алтыншыдан, Шетелдермен мәдени байланыс 
жасайтын Бҥкілодақтық қоғамның қазақ бӛлімшесінің алғашқы тӛрағасы (1941-
1951) болған кезде және одан бҧрын, кейін де араласқан белгілі 
тҥркітанушылардың – Э.Наджип, Э.Р.Тенишев, А.М.Щербак, Г.Д.Санжеев, 
Э.В.Севортян, А.А.Юлдашев, Ю.Д.Дешериев, А.К.Боровков т.б. – ықпалы 
болған. Жетіншіден, тҥркітанудың зерттеліп, дамуына, жалпы тіл білімінен 
орын алып, жеке сала болып бӛлінуіне ҥлес қосқан А.H.Самойлович, 
А.H.Кононов, H.П.Дыpенкова, H.К.Дмитpиев, Л.H.Хаpитонов, И.А.Батманов, 
H.А.Баскаков сынды ғалымдардың еңбектері І.Кеңесбаевтың "Қазіргі қазақ 
тілінің" теориялық жағынан терең, әрі сапалы жазылуына зор септігі тиген.
І.Кеңесбаев ғылым жолына негізсіз, "бос" жерге келген жоқ. Оның 
фонетикалық еңбектерінің жариялануына дейін тҥркітану ілімі зерттелуінің 
бағыты анықталып, қҧрылымы мен теориялық негізі қаланған болатын. Ғалым 
осы зерттеулерді танып, терең теориялық тҧжырымдарын бойына сіңіре отыра, 
қалыптасқан қағидаларды ары қарай дамытып, монографияны жазады. 
Ғалымның "Қазіргі қазақ тілі" оқулығының қҧндылығын, маңызын, ғылым 
тарихындағы алатын орнын айқындап, ой-тҧжырымдарының ӛзіне дейінгі 
зерттеушілермен ҧқсастығын, ӛзгешелігін, ӛзінен кейінгі ғалымдарда 
сабақтастық тауып, дамуын не ҥзіліп қалып, дағдаруын анықтау мақсатымен 
І.Кеңесбаевқа дейiнгі тҥркітану іліміндегі фонетика мәселесiнiң зерттелу 
жайына, деңгейiне тоқталу қажеттілігі туды. Осыған орай ол тӛмендегіше 
жіктелді:
1) І.Кеңесбаевқа дейiнгі тҥркологиядағы дыбыс жҥйесiнiң зерттелуі; 
2) І.Кеңесбаевқа дейiнгі қазақ тiл бiлiмiнде фонетика мәселесiнiң 
қарастырылуы: 
а) қазақ тiл бiлiмiндегі миссионерлердің еңбектері; 
ә) ҧлт зиялыларының зерттеулері. 
Ғалымның мҧрасын сӛз ету ҥшін тҥркі (қазақ) тіл біліміндегі еңбектерді 
осылайша топтастырудың ӛзіндік себептері бар. І.Кеңесбаевтың дыбыс 
жҥйесінің дамуына қосқан ҥлесін зерделеу, тҥптеп келгенде, ғылым тарихын 
зерделеу болып табылады. Ал ғалымның ғылыми ой-пікірлерінің ізбасар 
тілшілерде дамуы не жаңа қырынан қарастырылуы – заңды қҧбылыс. Сол 
себепті І.Кеңесбаевтың монографиясына дейін жалпы тҥркі әлемінде дыбыс 
жҥйесінің зерттелуі қандай бағытта дамыды, ғалым оған не қосты, оның ой-
тҧжырымдарының кейінгі зерттеушілер еңбектерінде сабақтастық тауып, 
жетілдірілгенін талдап кӛрсету арқылы тіл білімінің теориялық даму деңгейін 
анықтаймыз, ғылымның қалыптасу, ӛсу, ӛркендеу жолдарына кӛз жҥгіртеміз, 
яғни ғылым тарихына бойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет