Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик
Зұлқарнай
Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті
И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті Сізге өзінің
құрметін білдіреді және 2023 жылғы 5-6 желтоқсанда университеттің негізін қалаушы академик
Зұлқарнай Алдамжарды еске алуға арналған «
Индустрия 5.0» тұжырымдамасын іске асыру
шеңберінде экономика мен әлеуметтік саланың прогрессивті дамуы»
халықаралық ғылыми –
практикалық конференциясына қатысуды ұсынады. Біз қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі –
Цифрлық технологиялар мен адам қызметінің үйлесімі, машиналық және тірі интеллектті біріктіру туралы
зерттеуді жалғастырамыз. Конференцияның мақсаты қоғамның қазіргі заманғы сын-тегеуріндерін,
тұрақты, адамға бағытталған өміршең өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына көшудің қозғаушы күші
ретінде зерделеу болып табылады, бұл қоғамның алдағы көптеген онжылдықтарға арналған әлеуметтік-
экономикалық және мәдени даму стратегиясының негізі болуға тиіс. Халықаралық конференция ZOOM
платформасында on-line және off-line форматында өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жоспарлануда:
Бөлім 1.
Өнеркәсіп саласындағы инновациялық әдістер мен технологиялар.
Бөлім 2.
Көлік және логистика саласындағы инновациялық-коммуникациялық технологиялар.
Бөлім 3.
Білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер мен технологиялар.
Бөлім 4.
Қазіргі жағдайда денсаулық сақтаудың прогрессивті дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |