1.Алфавиттік
2.Кері хронологиялық
Кері хронологиялық тəртіп боынша көбінесе мақалалардың жүйелік
картотекасында қолданылады.
Бірыңғай каталог əр бөлім
бөлгіштерінен кейін алдымен қазақ тіліндегі сипаттамасы, одан соң орыс
тіліндегі сипаттамасы, одан əрі бар болса шет тіліндегі карточкалар
қойылады. Бірдей каталогтық нұсқа таңба бар кітаптар мен
брошюралар карточкаларынан соң сол тақырып бойынша
библиографиялық құралдың жəне аудиовизуальдық материалдардың
карточкалары қойылады.
4.Каталогты көріктеу оның құрылысын пайдалануға көрнекті түрде
бейнелеп көрсетуге керек. Көріктеудің өзі сыртқы жəне ішкі көріктеу
боп бөлінеді.
Сыртқы көріктеуге
каталогтық жəшіктің алдыңғы
бетінде рамкада берілген жазбалар бастап-дейін деген сипатта
каталогтық нұсқа таңбалар сызықшамен беріледі жəне əрбір жəшіктер
номерленеді. Ал
ішкі көріктеуде
əрбір карточкаларды бөлімдері-
бөлімшелері бойынша бөліп тұратын бөлгіштер қолданылады.
Бөлгіштердің өзі əртүрлі формада болады:
ортасы
дөңес, оң жағы
дөңес, сол жағы дөңес боп келеді. Бөлгіштердің 3,2 бөлігінде сол
бөлімнің ұсақ бөлімшелері көрсетіледі. Ал қалған 3,1 бөлігінде
сілтемелер жазылады жəне əдістемелік нұсқаулар беріледі.
Мысалы: 28.Биологиялық ғылымдар
Негізгі бөлімдері: Сілтеме:
28.0 Жалпы биология
28.1 Палеонтология
28.3 Вирусология
28.4 Микробиология
28.5 Ботаника
28.6 Зоология
28.8 Антропология
28.8 Адам анатомиясы,эмбриология,
гиетологиясы
28.9 Адамдар мен жануарлардың
биофизикасы,биохимиясы, жəне
физиологиясы
5.ЖК үшін көмекші аппарат ретінде алфавиттік, пəндік көрсеткіш
жасалады. Алфавиттік-пəндік көрсеткіш каталогтан пайдалануға көмек
үшін жасалады. Пайдаланушының іздеуін жеңілдетеді. Іздеу үшін бағыт
береді, жəне белгілі бір түсініктің, пəннің, тақырыптың, əр түрлі
тұрғыдан қаралуын, каталогтың жəне картотеканың қай жерінен іздеу
керек екенін көрсетеді. Пəндік көрсеткіштер жасау ертеректе пайда
болды. Мысалы: неміс кітапханатанушысы 19ғ. Басында жақсы пəндік
көрсеткіштер жасаған. Кейбір Ресейдің ғылыми жəне бұқаралық
кітапхананың каталогында да пəндік көрсеткіш болған. Алфавиттік
көрсеткіш КБЖ кестесінде де көрсетілген, бірақ ол құжатты
жүйелеушіге тиісті пəнді, тақырыпты тез тауып алушыға бағыт беріп
көмектессе, ал ЖК жасалған алфавиттік-пəндік көрсеткіш əрбір
түсінікті жеке карточкаға жазып,алфавиттік ретпен орналасып, оқырманға
каталог əдебиеттер іздеу үшін бағыт береді. Кітапханада
ұйымдастырылған ЖК мақалалардың жүйелі картотекасы жəне өлкетану
жүйелі картотекасы үшін бірыңғай алфавиттік-пəндік көрсеткіш (АПК)
жасалады.АПК карточкасында бөлгіштер қолданылады. Олардың
арасында шамамен 60 карточкадан қойылады. Бөлгіште əріптер мен
буындар жазылады.
АПК-де карточканың 3 түрі қолданылады:
1.Қарапайым пəннің аты жəне нұсқа таңбасы
2.Ұялы тіркескен
3.Анықтама карточкалары
Ұялы тіркескен карточкалар белгілі бір пəн немесе сұрақтың əртүрлі
тұрғыда қаралуын каталогтың əр түрінде берілген жағдайда керек.
Мысалы: Школьники
Воспитание и обучение – 74.2
Гигиена -51.28
Помощь семьи в учение - 74.902
Худож.самодеятел. школьников – 85.7
АПК үнемі толықтырылып отырады. Ол əдебиеттерді жүйелеу
процесімен, ЖК жасау процесімен, қатар процесімен қатар жүргізіледі,
жəне онда қолданылатын түсінікткр ғылыми терминдерге сəйкес болуы
керек немесе пəндік тұжырымдаманы дұрыс алудың маңызы өте зор.
Көбіне тура тұжырымды алу керек.
Мысалы: «Теориялық механика», «Спорттық ойындар». Кей жағдайда
түсініктің орындалуын инверсиялау керек болады.
Мысалы:
Мебель
Мебель деревянный
Мебель железный
Мебель пластиковый т.б
АПК-да жеке адамның фамилиялары жалпы алфавит ретімен
орналасады.
Мысалы: Менделеев, Ломоносов т.б адамдар жөнінде əдебиеттерді
іздеушілер оларды алфавит бойынша АПК-дан табады. АПК
карточкаларын жазумен қатар жүйелік бақылау картотекасының
карточкаларында толтырады.
6
Достарыңызбен бөлісу: |