перфоматадағы текст қажет мөлшерде көбейтіп басып алуға болады.
Автоматты жазу машинкалары тек карточкаларды көбейту үшін ғана
емес, сонымен бірге коды жазылған тексті қажет мөлшерде қағазға
бастырып, қажет мөлшерде жаңа түскен əдебиеттердің бюллетенін
жасауға болады. Баспа материалдарының көбейту құралдарын пайдалану
құжаттардың сипаттамасы, кітапхана каталогы мен библиографиялық
картотека үшін жəне библиографиялық құралдар мен жаңа түскен
бюллетень үшін бір мезгілде көбейту үшін мүмкінлік береді.
Библографиялық сипаттаманың халықаралық стандартын тəжірибеде
қолдану каталогтардың процестерді автоматтандыруды жеңілдетеді жəне
елдер арасында библиографиялық ақпараттарды алмасуды жүргізуге
жағдай жасайды. Кітапханада қарапайым баспа каталогтарын,
бюллетендер мен ақпараттық тізімдерді, жоғарыда аталған көбейту
техникаларын қолдану арқылы əзірлеуге болады. Бірақ олардың көлемі
(тиражы) кіші болады. Бибилографиялық сипаттамалар массиві көп
көлемді баспа каталогтарын жасау үшін үлкен техниканы қолдану
арқылы əзірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: