А. Соловьева, Б. Ибраимова


№13­зертханалық­жұмыс­ С



Pdf көрінісі
бет224/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   259
258
№13­зертханалық­жұмыс­
С
оқыр дақты анықтау. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа 
өткізгіштігін анықтау 
Жұмыс­мақсаты:­
торлы қабықтағы соқыр дақты табу. Түс терді ал-
мастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау. 
Құрал-жабдықтар:­
соқыр дақты анықтауға арналған суреттер, түрлі 
түсті бояулар: қызғылт, қызғылт сары, сары, жасыл, көк және т.б., 
қылқалам, суы бар ыдыс. Тербеліс жиілігі 128 Гц (С128) және 2048 Гц 
(С2048) болатын екі камертон.
Жұмыс барысы
1. Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып 
тұрып, қолдарыңа картина алыңдар. Қолсозым арақашықтықтан оң жақ 
көзіңмен қара түсті дөң гелекке қараңдар.
2. Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып, екі гео метриялық 
пішінді бір мезгілде көруге бола ма? Соны анық таңдар. 
3. Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді? Бұл 
арақашықтықтың шамамен 15–25 см болуы мүмкін бе? 
4. Оң жақ көзіңді жауып тұрып, сол көзіңмен де осы тәжірибені 
қайталап көріңдер. Бір бейненің жоғалып ке тетін арақашықтығы сәйкес 
келе ме? 
5. Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын 
нақты білім саласы бола ма?
6. Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен тол тырыңдар. Қылқаламмен, 
бояудың мөлшері бірдей бо латындай етіп, сынауыққа азғана бояу 
салыңдар. 
7. Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды аралас тырыңдар: 
жасыл/көк (көкшіл); сары/қызыл; қызыл/көк; қызғылт сары/жа-
сыл. 
Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне 
дейін құйыңдар. 
8. Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар. Нәтижесін сипаттап 
жазыңдар.
9. Камертон браншты алақанға (С128) немесе тізеге (С2048) бірдей 
күшпен соғу арқылы дірілдетеді. Камертон аяғын саусақпен жайлап 
ұстау керек екенін есте сақтау қажет (оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


259
10. Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне 
құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатады. Камертонның екі браншы 
да, сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек.
*Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір 4-5 с сайын 
камертонды алыстатып, қайтадан құлаққа жақындату қажет.
11. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты 
белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.
12. Сүйек өткізгіштігін зерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді 
өсіндіге (бас сүйекке, құлақтың астына) тақап қояды.
13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты 
белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.
14. Қорытынды жаса. Кестені дәптерге сызып алып толтыр. 
Зерттелуші дыбысты еститін уақыт, секундпен 
Ауа өткізгіштігі
Сүйек өткізгіштігі 
№14­зертханалық­жұмыс­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет