272
О
Оба
– оба бактериясы тудыратын адамның карантиндік ауруы. Негізінен ауру
жануардан және ауа-тамшы арқылы жұғады.
Овуляция
– жетілген жұмыртқа жасушаларының аналық безден дене
қуысына түсуі.
Озон тесігі
– озон мөлшері күрт төмендейтін, соған байланысты Жердегі
тіршіліктің Күннің ультракүлгін сәулесінің зиянды әсеріне ұшырайтын
озоносфера аймағы.
Оксигемоглобин
– гемоглобиннің молекулалық оттекпен қосылысы; оттекті
О
2
тыныс алу мүшелерінен ұлпаларға тасымалдайды және артерия қанының
ашық қызыл түсін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: