А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет83/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   259
 Қан тамырлар:
а) қан тамырлардың денеде ор-
наласуы; ә) қан тамырлардың түр- 
лерi: 1 – артериялар; 2 – ве на лар;
3 – вена қан тамырла рының ішін дегі 
қақпақшасы; б) капил ляр лар
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


97
Артериялар 
жүректен шыққан қанды таратады. Сондық тан онда қан 
қысымы жоғары және тез жылдамдықпен ағады. Олар – үш қабаттан 
тұратын берік тамырлар. Әсіресе бірың ғай салалы бұлшық ет қабаты 
жақсы жетілген. Ағзадағы ең ірі артерия қан тамыры – 
қолқа
(аор-
та) деп аталады. Барлық артерия қан тамырлары (өкпе артериясынан 
басқасы) бойымен артериялық қаны ағады. Олар терең орналасады және 
терінің астынан көрінбейді. Артерия қан тамырынан қан кеткенін оның 
ал қызыл түсінен және атқылап ағуынан білуге болады. Бұл өте қауіпті. 
Оны тоқтату үшін қан тамырының жарақаттанған же рі нен жоғарырақ 
бұрау жіппен (жгутпен) қатты қысып байлайды, бірақ бұрауды 2 са-
ғаттан артық ұстауға болмайды. 
Веналар 
– қанды денеден жүрекке айдайтын қан тамырлары. 
Олардың қабырғалары да үш қабаттан тұрады, бірақ бірыңғай сала-
лы бұлшық ет қабаты жұқа және әлсіз болады. Қанның қысымы 
анағұрлым төмен. Қанның венадан жүрекке қарай қозғалуының 
үш түрлі себебі бар: 1) кеуде қуысында (өкпеде) қысым төмен бола-
ды; 2) қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы; 3) қанның кері ағуына 
кедергі жасайтын қақпақшалардың болуы. Қан венамен бір бағытта –
жүрекке қарай қозғалады. Барлық веналар (өкпе венасынан басқасы) 
арқылы қою қызыл түсті қан ағады. Олар терінің беткі қабатына жақын 
орналасқандықтан денеден көкшіл түсті қан тамырларын көруге бола-
ды. Вена қан тамырынан қан кеткенде жара қаттанған жердің төменгі 
жағын қысып, байлап қояды немесе тамырды қатты басып тұрады. ірі 
вена қан тамырларының зақымдану қаупі артерия қан тамырының 
зақымдануынан кем түспейді. 
Капиллярлар
– зат алмасу мен газ алмасуды қамтамасыз ететін ең 
жіңішке қан тамырлары. Барлық мүшелерді капилляр торы қаптап жа-
тады. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа және эпителий ұлпасының 
бір қабат жасушаларынан тұрады. Ол қанның құрамындағы қоректік 
заттар мен оттекті ұлпаларға жеткізіп, ұлпалардағы көмірқышқыл га-
зымен зат алмасудың соңғы өнімдерін қанға өткізеді. Капиллярлардың 
жұқа қабырғалары арқылы қанның сұйық бөлігі – плазма араласып, 
жасушааралық сұйық тықтарға айналады. Капиллярлар артериялар мен 
веналарды байланыстырады. Барлық мүшелердің капиллярларында газ 
алмасу жүреді. Өкпеде вена қаны артерия қанына айналады. Газ алма-
су мен зат алмасуды жүзеге асыру үшін капиллярлар арқылы қан баяу 
қозғалады. 
7–3459
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет