Қаршыдай оқымыстыны Алмалықтың билеушісі бауырына тартып,
өзгеше
шен-шекпен берді. Бүкіл империяда ешқандай кедергісіз жүріп-тұруына
рұқсат берді. Ал, 1218-1223 жылдар аралығында түркі халқын жаулап алып,
қырып жіберу саясатын ұстанды. Сол кезде Орталық Азия мен Алтайда ең
ықпалды, беделді қаңлылармен де екі түрлі саясат жүргізді. Бірінші
жоғарыда айтқандай олармен құда болса, кейін оларды аяусыз жою саясатын
ұстанды. Отырарды, Үргеншті, Ходжентті, Самарқанды,
Бұқараны жаулап
алғаннан кейін өзіне қатты қарсылық көрсеткен, моңғолдарды жеңуге
болатындығын айдай əлемге дəлелдеген, өзінің ата жауы меркіттерді арасына
сіңірген қаңлы сарбаздары мен əміршілерін халықтың алдында қойша ба-
уыздауды əдетіне айналдырды. Мысалы ұлы тарихшы Рашид ад-Диннің
жазып қалдырған деректері бойынша Шыңғыс
хан Самарқанды жаулап
алғаннан кейін 30 мың қаңлы əскерін 20 əмірімен қоса бауыздады. Осы та-
рихшының еңбегінде Шыңғыс ханның талай қанқұйлы істері айтылған. Ал,
тарихшы, ғалым Талас Омарбеков жақында Қазығұртта өткен ғылыми конфе-
ренцияда моңғолдар тікелей Шыңғыс ханның бұйрығымен өздеріне өршілене
қарсылық көрсеткен қаңлының қыз-келіншегін жалаңаш күйде бір-бірімен
шайқастырып, одан соң бауыздағанын айтты. Ол кісінің қандай дерек көзіне
сүйеніп айтқанын анықтай алмадық, бірақ тарихшы бекерден-бекер мұндай
деректі айтпасы анық. Жаулап алған жерінде
қыз-келіншектерді зорлау
моңғолдардың əдетіне айналған. Оған мысал өте көп. Бұл деректі тарихшы
З.М.Буниятов та растайды. Ол əйелдерді қызыл қуырдақ етіп турап тас-
тағанын айтады. Шыңғыс ханның жауыздығы туралы дерек көп. Ол
өздерімен аталас меркіттерді түгел жойып жібергенін ұмытуға бола ма? Сол
сияқты Сібірдің ормандарында жүрген талай ұлтты жер бетінен жойып
жібергені де белгілі. Айта берсек жүрек шошырлық мұндай мысалдар өте
көп. Оның соғысы тек тонаушылықты мақсат еткенін талай ғалымдар мен та-
рихшылар ашына жазған. Шыңғыс хан «соғыс қана ұлы билікке жеткізеді»
деп ойлаған, соны мақсат еткен. Соған қарамастан оны «ұлы»
деп айтып,
ақтап алып, атын асқақтатқымыз келеді.
Бір адамды өлтірген адамды қылмыскер дейміз. Ал мыңдаған адамдарды
қырып, жойған Шыңғыс хан «жасампаз, халық ұлы» бола ала ма? Олай бол-
са, орыстарды жəне оның иелігіндегі өзге де халықтарды қырып-жойған
Гитлерді коммунизмге қарсы шыққанын алға тартып, ақтап алу оңай емес
пе?! Сонда оны да ұлы жасампаз саясатшылардың
қатарына қосқанымыз
дұрыс бола ма?! Адамның қанын шашып, өзінің шексіз билігін орнатқанды
«ұлы тұлға» деп асқақтатып, туған жерін, елін, Отанын ерлікпен қорғағанды
«бейшара» деп аласартқанымыз қалай? Жалпы осы мəселелер жөнінде
пəтуаға келетін кез келді. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы біз қан-
дай ұстаным ұстауымыз керек?
Жерімізді қанға бөктірген, қанқұйлы ісін
жоққа шығарып, «ол қазақ еді» деп мақтануымыз керек пе? Мұны да
ғалымдар мен саясаткерлер анықтап беретін уақыт жетті. Бүгінгі ұрпаққа не
деуіміз керек? Бізге, қазаққа кім жақын, Шыңғыс хан ба, əлде Қайыр хан ба?
Қайсысын батыр ұланымыз дейміз? Бірақ бір нəрсенің анық екенін ешқа-
шанда естен шығармау керек: отаршылдың езгісінде, табанында, құлдығында
болмау үшін, Отанын қорғап, жан беріп, жан алған адамның ерлігі мəңгілік.
Достарыңызбен бөлісу: