мемлекетін феодалдық монархиялық мемлекет деп қарастырамыз. Мемелкет
саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстар үлестік
жепрлерге бөлшектенген. Мемлекетте əкімшілік – шенеуніктік басқару
жүйесі жұмыс жасады. Олардың ішінде өздері басып алған халықтардың
ішінен алдыңғы қатарлы өкілдер де кіргізілген. Елде ханның атынан бүкіл
əскери істі беклер-бек басқарған, ал заматық істерді уəсəншу мен уəзір
айналысқан. Беклер-бек дипломатиялық істермен қатар, сот билігінде өз
қолына алған. Уəзір орталық үкіметтің атқарушы өкіметтің басшысы,
мемлкетте азаматтық тұрғыдан басқару ісінде ханың кеңесшісі болды.
Мемлекетте салық жинау жүйесі іске қосылған. Салық жинаушылар –
даруғалар деп аталса, сонымен қатар, əрі салық жинау, əрі жергілікті халыққа
əскери бақылауды жүргізуші –басқақтар деген арнайы адамдар сайланған.
Диуан деп аталатын атқарушы өкіметтің орталық орган болған. Салық
жəне басқа да ведоствалардан тұрған, диуаның хатшылары –бітікші деп
аталған.
Алтын Орданың билеушілерінің егіншілік жəне қалалық мəдени
аймақтарды юасқару жөнінен тəжірибиесі болмады. Сондықтан, Алтын Орда
хандары əуел бастан-ақ сауатты жəне білімді даярлығы бар адамдардан
шенеуніктік аппарат құрды. Ол қызметшілердің көбі мұсылмандар
(хоезмдіктер, ирандықтар, түркі бұлғарлары, қыпшақтар, қарлұқтар,
қаңлылар) немесе буддистерден (ұйғырлар, тибет, қытайлар) тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: