Орыс
хан,
Қойыршақ,
Барақ
т.б.
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі
болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын
иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан
ол Сарайды өзіне қаратып, хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды.
Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі
ұзаққа
созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы
билікті Мамайға беруге мəжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ
Орда иелігі оның баласы Темір Мəлікке көшті.
Бірақ осы кезде Маңғыстау
үстіртінің билеушісі - Жошы əулеті Түй хожа оғланның баласы
Тоқтамыс
Орта Азия əміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мəліктің əскерін
талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда
əмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды,
Қырымды жəне Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс
жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово
даласында орыс əскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс
мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің
қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің
Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-
талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нəтижесінде
жəне ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ.
бас кезінде Ақ Орда да
əлсіреп
қалады.
Достарыңызбен бөлісу: