Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет43/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулану қай уақытқа сəйкес келеді? 
2.
Сығанақ қаласында өз атынан теңгелер соқтырған Ақ Орда ханын 
атаңыз? 
3.
Мүбарак хан қай жылдары Ақ Орда ханы болды? 
4.
Орыс ханның Еділ бойына жорығы қай жылдары болды жəне қандай 
нəтиже берді? 
5.
Ақ Орданың Əмір Темір империясымен қарым-қатынасы қандай 
болды? 
Əдебиет: 
Қазақстан тарихы. IІ том. Алматы,1996. 108-120 бб. 
№ 8 дəріс 
Тақырып: Моғолстан мемлекеті 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1. Моғолстанның құрылуы 
2. Алғашқы моғол хандары 
3. Моғолстанның саяси тарихы, экономикасы мен мəдениеті 
4. Моғолстан мемлекетінің ыдырауы
Дəрістің мақсаты: 
ХІҮ ғасырда Шағатай ұлысының ыдырауына байланысты 
Моғолстан мемлекетінің пайда болуы, оның этникалық құрылымы туралы 
баяндау. 
Дəріс мазмұны: 
XIV ғ. ортасында Шағатай ұлысы екі бөлікке: шығыс жəне 
батыс болып бөлінді. Шығыс бөлігі Моғолстан, яғни "моғолдар" мемлекеті
ал батыс бөлігі Мауераннахрда Əмір Темір (Ақсақ Темір, Темірлан)
басқарған мемлекеті болып құрылды. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашиди" еңбегінде Моғолстанның 
шекарасын былай көрсетеді: "... қазір Моғолстан деп аталатын мемлекеттің 
территориясының ені мен ұзындығы, қашықтығы 7-8 айлық жол.
Моғолстанның шығыс бөлігі Барыскөл, Еміл мен Ертіс өзендерін қамти 
отырып, қалмақтардың жерімен шектесіп жатыр. Солтүстігінде Көкше-теңіз 
(Балхаш), Бум мен Қаратал өзендерімен шектеседі. Ал, оңтүстігінде Ферғана 
вилайеті, Қашқар, Ақсу, Чалыш жəне Турфанмен шектесіп, батысы Түркістан 
мен Ташкентке дейін созылып жатыр". Бұдан біз Моғолстанның басым 
бөлегін Оңтүстік Шығыс Қазақстан жері алып жатқандығын көреміз. 
Моғолстан мемлекетінің халқы негізінен түркі халықтарынан, соның 
ішінде қазақ халқының құрамына кіретін тайпалар мен рулардан құралған. 
Моғолстан халқы осы өңірде тарихы қалыптасқан көшпелі жəне жартылай 
көшпелі тұрмыс кешті . Моғолстан мемлекетінің атауы "моғол", "могул" 
этнонимдерінен шыққан. 
Олай болса, "Моғолстан" тарихи-географиялық атау болып табылады. 
Моғолдық этносқа кіретін рулар мен тайпалық бірлестіктердің ерекшелігі, 
олардың түркі тілдестігінде. өйткені сырттан келген монғолдар жергілікті 


халықпен араласып кеткен еді. Моғолстан мемлекеті орта ғасырлық тарихи 
шығармаларда жергілікті түркі жəне түріктенген монғол тайпаларының 
ұзаққа созылған араласу жəне өзара сіңісу барысында "моғол" атты этносаяси 
қауымдастыққа біріккен мемлекеттік саяси бірлестік ретінде көрініс табады. 
Моғолстанның бірінші билеушісі Тоғлық-Темір хан ұлыс-бектік басқару 
жүйесін сақтай отырып, орталық басқару жүйесіне көңіл бөлді. 
Тоғылық-Темір Алмалық қаласын хандықтың орталығына айналдыра 
отырып, алым-салым жүйесін тəртіпке келтірді. Сондай-ақ, ол бір күнде 160 
мың адамды мұсылман дініне тарта отырып, мұсылман дінін мемлекеттік 
дəрежеге көтерді. Бұл жайлы бірқатар деректерде, солардың ішінде алғашқы 
болып Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде айтылған . 
Тоғылық Темір мемлекеттің сыртқы саясатында Мауераннахрды өзіне 
бағындыруды басты мақсат етіп қойды. 1360 жылы қаңтар айында Тоғылық 
Темір əскері Сырдарияның арғы бетіне өтіп, Шахрисябзға шабуыл жасады. өз 
ара жауласып жатқан жергілікті əмірлер оған қарсылық жасай алмады, 
олардың ішінен Темір атты жас əмір өз бетімен Тоғылық Темірдің билігін 
мойындады. Осы қызметі үшін оған Кеш қаласы мен оған іргелес жерлер 
берілді. Моғол ханының саясаты Əмір Темірдің билікке келуін жеңілдетті. 
1361 жылы көктем айларында Тоғылық Темір Мауераннахр жаңа жорық 
ұйымдастырды. Мауераннахрдағы ықпалды əмірлердің бірі қажы Барлас 
Хорасанға қашты. Тоғылық Темір өз əскерімен оңтүстіктегі Құндыз қаласына 
дейін жетіп, көктем-жаз айларын сонда өткізді. Күзде Самарқандқа оралды. 
Мауераннахрдың билігіне баласы Ілиясты қалдырды. Моғолдар өздері 
жаулап алған жерлерді тонаушылыққа ұшыратты. Билікқұмар Əмір Темір 
халықтың моғол билеушілеріне наразылығын пайдалана отырып, Ілиясқа 
қарсы жымысқы əрекеттер жасай бастады. Тоғылық Темірдің қайтыс 
болуына байланысты Ілияс Моғолстанға қайта оралды. Қайтар жолда Ілияс 
Қожа əскері, Əмір Темірдің əскеріне кезігіп қалды. Екеуінің арасында болған 
шайқас барысында Ілияс Қожа жеңіліп, тұтқынға түсті. Алайда, Əмір 
Темірдің есіне Тоғылық Темірдің оған жергілікті тайпалармен болған 
күресте көмектескені есіне түскен болу керек, Ілиясты босатып, Моғолстанға 
кері оралуға мүмкіндік берді. 
Билеушілер арасында болған бұл оқиға ұмытылған жоқ. Моғолстанның 
билігіне келген Ілияс Қожа 1365 жылы Əмір Темірге қарсы жорық жасады. 
Сырдарияның жағасында Чиназ бен Ташкент қалалары аралығында 
тарихшылар "Батпақ шайқасы" деп атап кеткен оқиға болды. Шайқас жүріп 
жатқан кезде жаңбыр жауып, жер батпаққа айналып, шайқасушыларға көп 
кедергі келтірді. Шыңдалған моғол əскерінің жеңуіне Шамс ад-Дин Дулат 
басқарған тың əскердің көп көмегі тиді. Əмір Темірдің əскері кері шегінгенде 
көп адам батпақ пен лайға тапталған еді. "Тарихи Рашиди" шығармасында 
"майдан даласында он мыңдай адам қаза тапты" деп жазады. 
Осылай Самарқандқа баратын жол ашылғаннан кейін, моғол əскері 
жергілікті халықты тонауға кірісті. Сербедарлардың рухани қозғалысының 
мүшелері қала тұрғындарына басшылық жасай отырып, моғол əскеріне қатты 
қарсылық көрсетті. Қоршаудың ұзаққа созылуы моғол əскерін əлсіретті. 


Сондай-ақ жылқылардың арасында аусыл ауруының кең таралуынан шығын 
көбейіп, "төрт салт аттыға бір аттан ғана қалды". Моғолдар қаланы тастап 
кетуге мəжбүр болды. Сөйтіп, моғол хандары Шағатай əулетінің Орта 
Азиядағы үстемдігін қайта қалпына келтіре алмады. 
Əмір Темір бұл жағдайды пайдалана отырып Моғолстан жеріне көз сүзе 
бастады. Жаулап алушыларға қарсы Қызыр Қожа (1388-1389 жж.) мен оның 
баласы Мұқан хан (1408-1416 жж.) күрес жүргізді. Бірақ бұлардың 
ешқайсысы Əмір Темірдің жаулап алу жорықтарына қарсы тұра алмады. 
Моғолстан əскері жаулап алушылармен болған бірнеше шайқаста жеңіліс 
тапты. Моғолстан мемлекетінде ыдырау процессі басталып, XV ғасырдың 
соңына дейін созылды. 1433-1462 ж. Уəйіс ханның ұлы Есен Бұға Дешті 
Қыпшақ халқының бір бөлігін Жетісуға көшірді. Осы жерде түркі 
тайпаларынан қазақ халқы, ал Тянь-Шанның бөктерінде қырғыз халқының
қалыптасу процесі басталды. Шығыстан ойрат-қалмақтардың жорықтары бұл 
мемлекеттің əлсіреуіне əсер етті. 
Моғолстанның соңғы ханы 1514 ж. билікке келген Жүністің немересі Əбу 
Сейіт хан еді. Ол Қашқарияға кетуге мəжбүр болып, Шығыс Түркістанда 
жаңа "Моғол" мемлекетінің негізін салды. Құлаған Моғол мемлекетінің 
ендігі тарихы қазіргі Қазақстанның географиялық аумағынан тыс жерде 
өрбіді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет