Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет59/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
 
Хақназар хан қай жылдары өмір сүрді жəне қай жылдары биік еткен? 
2.
 
Сыртқы саясатта Хақназар қандай мəселелерге ерекше назар аударған? 
3.
 
Қазақ хандығының Бұқарамен қарым-қатынасы туралы не білесіз? 
Əдебиет:
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, 
Атамұра, 1998. 393-408бб. 


Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, 
политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 103 стр. 
Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, политика, 
дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 89-116 стр. 
http://www.testent.ru 
№22 дəрiс 
Тақырып:
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Тоғысындағы Қазақ хандығы мен Орта Азия елдері 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Орта Азиядағы Шайбанилер əулетінің күресі 
2. Аштарханилер билігінің орнауы 
3. Қазақ хандығы мен Орта Азия елдері арасындағы қарым-қатынастар.
Тəуекел хан. 
Дəрістің мақсаты: 
Қазақ хандары мен Орта Азия билеушілерінің ХҮІ-ХҮІІ 
ғасырлардағы қарым-қатынасы туралы баяндау. 
Дəрістің мазмұны:
Хақназар ханның кезінде қазақтардың Шайбани 
ұрпақтарымен өзара қарым-қатынасы тығыз əрі жан-жақты болған. Соғыстар 
достық əрі ынтымақтастық, кейде неке одақтарымен бітіп отырды. Əсіресе, 
Шайбани ұрпағы ІІ Абдоллах қазақ ханымен одақ жасасуға мейлінше 
мүдделі болған. Абдоллах хан 1583 жылы əкесінің орынына (Ескендір 
ханның орнына) таққа отырып, 1598 жылы өзі өлгенге дейін басқарған. Ол 
қазақтарды əскери-саяси күш деп білді. Жəне бақталастарына қарсы күресте 
пайдалануға тырысты. Осы мақсатта ол Хақназар ханмен «ант берісіп, одақ 
жасасқан». Ант бойынша екі жақ бейбіт қатынастар жасауға міндетті.
ХҮІ ғасырдың 70-ші жылдарының аяғында қазақтарға сəтсіздік əкелген 
ірі оқиғалар болды. Бұл кезде Абдоллах пен Барақтың ұлы баба сұлтан 
арасында күрес туды. Соғысты Ташкентті басып алған Бабаның өз ағасы, 
абдоллах билеуші етіп қойған Дəруіштің өлтірілуі себеп болған. Абдоллах 
хан бұл күресте қазақтар кімнің жағында болады, кімді қолдайды деп 
қауіптенеді. Алайда Хақназар хан Абдоллахқа берген анты бойынша онымен 
жасақан келісім шартты бұзбады. Ол Абдоллах ханды қолдайтынын білдірді. 
Хақназар Баба сұлтанды тойтару үшін бірнеше қолмен көмекке келеді. Өз 
кезегінде оның еңбегіде елеусіз қалмады, Абдоллах хан өзін қолдағаны үшін 
баба сұлтанды басуға көмектескені үшін қазақ ханына шарт бойынша 
Түркістандағы 4 (төрт) қыстақты сыйға тартады. Нəтижесінде, 1579 жылы 
Абдоллах хан мен Баба сұлтан бітім жасасады.
1580 жылы сəуірде ташкент əміршісі күштерін жинастырып, 
Абдоллахқа қарсы аттанады. Осы жорықта Жалым сұлтан өзінің 2 ұлымен, 
Хақназардың 2 ұлы т.б. көптеген адам өледі. Кейін Баба сұлтанмен күресте 
Хақназар ханның өзіде қазаға ұшырайды. 
ХҮІ ғасырдың ішінде Ресей мен астраханьды алғанан кейін Еділ 
өзенінің бүкіл аңғары кейін башқұрттар, сібір хандығы қосылады. Соның 
салдарынан Ноғай ордаларыда оңтүстік пен шығысқа қарай ығысады. ХҮІІ 
ғасырда олар Ебілден Ертіске дейін көшіп жүрген. Оларды қазақ даласына 
енген башқұрттар мен Сібір татарлары тықсырды.


ХҮІ ғасырдың аяғында ІІ Абдоллах Сібір ханы Көшіммен одақтатыда 
қазақ хандығына көз алартып, елеулі қауіп төндіреді. 1594-1595 жылдары 
таққа Тəуекел отырады. Ол таққа отырысымен 1594-1595 жылдары өз 
дұшпандарына қары күресу үшін Ресеймен одақ орнатуға ұмтылды. Қазақ 
хандығына көрші мемлекеттердің шабуылы жиелей түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет