бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, əрбір сұлтан өз иелігіндегі
ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің
арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір –
бірінен
оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына
тəуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар
жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан
қорғануға кесірін
тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан
қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп
берген жоңғарлардың шабуылы
күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тəуке алдымен Россия жəне
оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ
қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей,
уақ хандықтардың
уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен
батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: