қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен жəне
Тибеттен
қымбат
сыйлықтар
ағыл-тегіл
келіп
жатты.
Академик
М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны
жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі
екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр əскерді қамтамасыз етуге ғана емес,
оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зəулім сарайлар мен медреселер
салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-
1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660
жылдары "Тилла-Кори" (Алтынмен апталган) медресесін салдырды,
кейінірек олар бүкіл елге əйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің
өсемдігімен,
əдемілігімен
дүйім
жұртты
таңдандырып,
Шығыстың
сəулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі
Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа
қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының
Қазалы ауданында ғұмыр кешуде
Достарыңызбен бөлісу: