37
Тракторлардың жүрісін баяулататын тежеуіш қондырғылар негізгі тежеуіш пен
беріліс механизмінен құралады. Негізгі тежеуіш қондырғы жүріс доңғалағында (Т-
150К, К-701) немесе онымен бір байланыстағы білікке орнатылған қосымша
барабанға (МТЗ-80, Т-40А) бекітіледі. Бұл тежеуіш қондырғының жұмысы сол
барабан мен қосалқы тетіктің аралығында үйкеліс туғызу болып саналады. Қосалқы
тетік үшін үйкелісі күшті материалмен қапталған лента, диск немесе қалыптар
қолданылады. Осы қосымша тетіктер беріліс механизмінің көмегімен барабанға
күшпен итеріліп, аралығында үйкеліс күші пайда болады.
Тежеуіш қондырғыда неғізғі реттелетін шама ол барабан мен қосалқы тетіктің
аралығындағы саңылау болып табылады. Ол саңылау тежеуішті басқара- тын
педальдің толық жүрісімен тікелей байланысты. Сондықтан да тежеуіш
қондырғының жұмысын реттеу басқару педалінің бос жүрісі мен толық жүрісін
реттеумен атқарылады.
Егер бос жүрістің мөлшері шамадан өзгеше болса, онда тежеуіш жұмысы
қалыпты болмайды. Бос жүріс көп болған жағдайда толық жүріс азаяды да, тежеу
күшін азайтады, ал аз болса, барабан мен қосалқы тетік өзара жанасып тұрғандықтан
өздігінен тежелу болады. Мұндай жағдай тежеуішті күйдіреді және трактордың
тарту күшін олсіретеді.
Тежеуіштің жұмысы дұрыс реттелгендігін тексеру үшін тракторды асфальтті
тегіс жолда, жылдамдығын 20 км/сағ дейін арттырады да тежейді. Осы кездегі
тежелу жолы 6 метрден аспауға тиіс.
Кейбір компрессормен жабдықталган К-701, Т-150К тракторларында тежеуішке
пневматикалық
беріліс
қолданылады.
Мұндай
тежеуішті
беріліс
үшін
пневматикалық тежеуіш камерасының штогінің жүрісін тексереді. Сол штоктің
жұмысы Т-150К тракторында 15-20 мм, ал К-701 тракторында 30-40 мм болуға тиіс.
Керісінше болғанда, тежеуішті реттейді.
Тежеуішті реттеу үшін, дөңгелекті бос айналғанға дейін көтереді. Тежеуіш
барабанға қосалқы тетіктіжақындату үшін червякті механизм қойылған. Сол
червякті дөңгелек айналмай қалғанға дейін бұрайды, яғни бұл кезде, қосалқы тетік
барабанға түседі. Енді червякті кері қарай айналыстың 1/6 бөлігіне бұрады да
бекітеді. Осылайша реттелген тежеуіш қондырғының басқару педалін толық басқан
кезде пневматикалық камера штогінің жүрісі жоғарыдағы көрсетілген шамамен
сөйкес келуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: