33
өйткені белгіленген тербеліс процесінің бастапқы сатысында тербелістердің
жиілігі оның соңғы сатысындағы тербелістердің жиілігінен елеусіз
ерекшеленеді. Математикалық модельдеуде қойылатын мақсат пен міндеттер
модель түрін таңдауда маңызды рөл атқарады. Егер әңгіме практикалық есеп
туралы болса, онда қарапайым математикалық аппарат қолданылады. Іргелі
есептер болған жағдайда математикалық аппарат әлдеқайда күрделі болып
келеді.Модельді таңдауға
басқа
авторларды
зерттеу
немесе іздеу
экспериментінің нәтижелерін талдауда немесе шолуы нәтижесінде алынған
ақпараттық массив үлкен әсер етеді.
Математикалық
модельдің
түрін
таңдауға гипотезаны көрсету қажеттілігі елеулі әсер етеді.
Математикалық үлгілеудің мақсаттары мен міндеттерін есепке алу,
гипотезаның сипаты және ақпараттық массивтің анализі үлгілердің таңдау
кезіндегі олардың түрін анықтауға мүмкіндік береді – бұл математикалық
үлгілеудің үшінші кезеңі. Математикалық модель түрін таңдау кезеңінде
объектінің
сыртқы
сипаттамаларына
кіріс
сигналдарын
түрлендіру
сипаттамасын қолдану ерекше орын алады. Егер алдыңғы кезеңде объект
статикалық болып табылатыны анықталса, онда функционалдық модельді құру
алгебралық теңдеулердің көмегімен жүзеге асырылады. Егер объект
динамикалық болса, онда модель түрін таңдауда дифференциалдық теңдеулерді
құрастыруға болады.
Объектінің математикалық моделін таңдау процесі оны алдын ала
бақылауымен сипатталады. Өлшемдерді бақылауда ереженің орындалуын
тексеру, оған сәйкес бірдей өлшемдік шамалар теңестірілуі және жинақталуы
мүмкін.
Тәртіптерді бақылауда жинақталатын шамалардың тәртібі анықталады, ал
аз мәнді қосындылар алынып тасталады. Тәуелділік сипатын бақылаубір
шаманың өзгеру бағыты мен жылдамдығын тексеруге негізделеді. Экстремалды
жағдайларды бақылау-модель параметрлерін нөлге немесе шексіздікке
жақындағанда шешімнің көрнекі мәнін тексеруге негізделеді. Шекаралық
шарттарды бақылау – математикалық үлгінің есептік мәнінен туындайтын
шекаралық шарттарға сәйкестігін тексеру. Математикалық тұйықтауды
бақылау-математикалық модельдің бір мағыналы шешімін тексеру. Модельдің
орнықтылығын бақылау-нақты объект туралы қолда бар бастапқы деректердің
түрленуі мүмкіндігін тексеру (бұл түрленуобъектінің елеулі өзгеруіне әкеп
соқпауы тиіс).
Достарыңызбен бөлісу: