48
-
Факторлардың өзгеру ретін анықтау;
-
Факторлардың өзгеру жүрісін, болашақ тәжірибелік нүктелер
арасындағы интервалды анықтау;
-
Өлшеу құралдарын негіздеу;
-
Тәжірибенің жүргізілуін сипаттау;
-
Тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу.
Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану белгілі бір түрде
жоспарлау кезінде-ақ тәжірибелік зерттеу көлемін жақсартуға және олардың
дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тәжірибені дайындаудың негізгі
сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Нақты бір тәжірибе
үшін есеп көлемі өте көп болмауы қажет (3-4, немесе максимал 8-10). Сонымен
қатар аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын негіздеу қажет.
Осыған
байланысты
экспериментатор
елде
шығарылатын
өлшеуіш
аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын каталогтар
көмегімен). Басқа жағдайларда қондырғы, стенд, тақырыпты өрістету үшін
машиналар, құралдарды құру қажеттілігі туады. Бұл кезде құралдарды және
басқа да саймандарды құрастыру мен өндіру мен теориялық есеппен және
практикалық пайымдаумен мұқият негізделуі қажет.
Өлшеу әдістері өлшеудің әдіс тәсілдерін зерттейтін метрология арнайы
ғылымының заңдарына негізлелуі керек.Бір үрдісті тәжірибелік зерттеу кезінде
құралдағы қайталанатын есептер, ереже бойынша бірдей болмайды. Ауытқулар
әртүрлі себептермен түсіндіріледі - зерттелетін дене қасиетінің біртексіздігі
(материал, құрылысы және т.б.), құралдардың және оның кластарының
дәлдігінің жетілмегендігі, экспериментатордың субъективті ерекшеліктері және
т.б. Тәжірибеге әсер ететін кездейсоқ факторлар көп болған сайын, өлшеу
кезінде алынатын сандардың айырамашылығы көп, яғни жеке өлшемдердің
орташа мәнінен ауытқуы көп болады. Бұл қайта өлшеуді қажет етеді,
сәйкесінше олардың минимал мөлшерін білу керек. Өлшеудің қажетті минимал
мөлшері ретінде берілген тәжірибеде дәлдіктің берілген деңгейін
қанағаттандыратын, өлшенетін шаманың орнықты орташа мәнін қамтамасыз
ететін өлшем мөлшері алынады.
Достарыңызбен бөлісу: