Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата28.11.2023
өлшемі1,71 Mb.
#131181
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
5.3 Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік айдары 
Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік айдары (ҒТАМА) ғылыми-
техникалық ақпараттың барлық ағынын жүйелендіру үшін қабылданған білім 
салаларының әмбебап иерархиялық тармақтау жүйесін білдіреді. Рубрикатор 
келесідей қызметтерге арналған: 


64 
- ақпараттық қызметтерді, жүйелерді, банктерді және дерекқорларды 
тақырыптық қамтуды анықтау үшін; 
- алмасу мақсатында ғылыми – техникалық ақпарат (ҒТА) органдарында 
ақпараттық массивтерді қалыптастыру; 
- ақпараттық басылымдарда материалдарды жүйелеу; 
- құжаттарды индекстеу және оларды айдар бойынша іздеу; 
- ақпараттық желілердегі сұраныстарды адресациялау; 
- жергілікті айдарларды әзірлеу және жетілдіру кезінде нормативтік 
функцияларды орындау; 
- автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде қолданылатын басқа жіктеу 
жүйелері (ӘОЖ, КМА (МПК), КБЖ (ББК) және т.б.) арасында делдал-тіл 
функциясын орындау. 
Барлық білім түрі шартты түрде 4 ішкі тармаққа бөлінген: қоғамдық 
ғылымдар (кодтары 00-ден 26-ға дейін); жаратылыстану және дәл ғылымдар 
(кодтары 27-ден 43-ке дейін); техникалық және қолданбалы ғылымдар; 
экономика салалары (кодтары 44-ден 81-ге дейін); салааралық және кешенді 
мәселелер (кодтары 82-ден 90-ға дейін). 
Айдар бір деңгейдегі тармақтар өзара қиылыспайтындай етіп құралған. Бір 
деңгейдегі ұғымдар жоғары деңгейдегі ұғымға бағыну жағдайында болады.
Мысалы. 
73 Көлік 
73.29 Темір жол көлігі 
73.31 Автомобиль көлігі 
73.34 Су көлігі
73.37 Әуе көлігі
73.39 Құбыр көлігі 
Айдарда иерархияның үш деңгейі бар. Айдар кодтары нүктемен бөлінген 
Араб сандарынан тұрады. Код соңында нүкте қойылмайды. Айдарларға 
анықтамалық ақпарат ретінде ӘОЖ индексі тіркелген. Бұл - екі жіктеу жүйесі 
арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. 
5.4 Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат 
 
Жаңалық ашудың түсінігі.
 
Қолданбалы және техникалық ғылымдар 
саласында орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарында әдетте жаңа құрылыс 
материал, техникалық үрдіс және т.б түрінде келетін нәтижелер болады. 
Осыған байланысты ғылыми зерттеудің барлық нәтижесін жаңалық ашылу 
мүмкіндігіне талдау керек, және ол анықталса, сол жаңалық ашуға тапсырысты 
хаттау керек болады.Жаңалық ашу объектілері мыналар болуы мүмкін: 

Қондырғы (мысалы: машина, құрал, құрылғы және т.б); 

Тәсіл (мысалы: өнімді дайындау тәсілі, заттек алу және емдеу тәсілі т.б.); 

Заттек (қорытпа, қоспа, ерітінді, химиялық жолмен алынбаған материал, 
химиялық қосылыстар және т.б.); 


65 

Бұрыннан белгілі қондырғыларды, тәсілдерді, заттектерді жағымды әсерімен, 
жаңа арналымы бойынша қолдану; 

Микроорганизмдердің штаммалары (бактериялар, вирустар, балдырлар); 
Жаңалық ашу деп саналмайтындарды есте сақтау керек: 

Ашу, ғылыми теория және математикалық әдістер; 

Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару тәсілдері; 

Шартты белгілер, кестелер, ережелер (ойын, қозғалыс ережелері); 

Ой операциясын орындау әдістері мен ережелері; 

Тәрбиелеу, білім беру, оқыту, жануарларды үйрету әдістері мен жүйелері; 

Есептеу тәсілі, есептің математикалық шешімі, соның ішінде алгоритм және 
есептеу машиналарының бағдарламасы; 

Өнімнің тек сыртқы түріне қатысты ұсыныстар; 

Ғимараттар мен территориялардың жабдықтау жоспарының үлгісі мен 
жобасы; 

Қоғамдық мүддеге, моральға және адамзаттық принциптерге қарама – қарсы 
шешімдер, яғни пайдасыз шешімдер; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет