Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата02.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#131387
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Байланысты:
Күміс кітап

Төртінші тарау
байланыстағы заттардың орнын біледі және өздерін 
үйдегідей сезінеді».
МЕН ЖАЗБАЙМЫН КІТАПТЫ ЕРМЕК ҮШІН
Үшінші кітабымды еліміздің айтулы ғалымда-
рымен бірге жаздым. 2012 жылдың соңында Елбасы 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мем-
лекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын халыққа 
ұсынған болатын. Келесі жылы ғалымдар осы құжатта 
қамтылған ұғымдар мен түсініктерге ғылыми тұр-
ғыдан анықтама беріп, бұл еңбек «Қазақстан-2050: тер-
минологиялық анықтамалық» атауымен 2014 жылы 
жарық көрді.
Өкінішке орай, бұл кітаптың авторлық нұсқасын 
ала алмадым. Аз таралыммен Астанада шыққандық-
тан өзіме жетпей қалды. Бірақ мықты еңбек болды. 
Сәті түскенде тауып оқып көріңіз.
ТӨРТІНШІ КІТАБЫМ БОЛУ КЕРЕК ЕДІ
Қазіргі кезде көп адамдар кітапты сән үшін не 
өзінің эгосын көтеру үшін жазатын болды. Былтыр 
танысым бір кісінің Алаш арыстары туралы жазған 
кітабын көрсетті. Кітап қалың болып шығыпты, сегіз 
жүз беттей бар енді. Сонда Алаш ардақтылары туралы 
әңгіме алғашқы жүз елу беттің шеңберінде қозғалса, 
қалған бөлігін автор еш қысылмай өзіне арнапты. 
Кітаптың ішінде өзінің «маңыздылығын» көрсету 
үшін белгілі тұлғалармен, саясаткерлермен түскен 


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 117 ]
суреттерін жариялап қойыпты. Ұят емес пе, одан гөрі 
бірден кітапты өзіне арнап, «Менің ұлы істерім» деп 
атай салмай ма?
Кітапты мақтану үшін не әркімге таратып, көңі-
лін аулап, мадақ не материалдық игіліктер іздеу 
мақсатында жазбай, жаның ашитын өзекті тақы-
рыпты ашу үшін жазған абзал емес пе?
Мен төртінші кітабымды шығару үшін екі жыл 
жүгірдім. Осыдан біраз уақыт бұрын көрші елдің бас-
шысы: «Қазақтарда мемлекеттілік болмаған» деген 
сөзді айтып еді. Бұл сөз көп қазақтың намысына тиіп 
кеткені рас. Осындай дүниелерді естігіміз келмесе, 
болашақ ұрпақтың санасында осы сынды пікірлер 
қалыптаспасын десек, ағартушылық істермен айна-
лысып, қолдан келгенімізді аямай, сөзімізден гөрі 
ісіміз басым болуы керек.
Бұл сөз менің де намысыма тиді. Қазір әлемдік сая-
сатта «жұмсақ» күштің билеп тұрған заманы. Көршіңе 
ықпал жасағың келсе, мәдениетіңді, тарихыңды та-
нытатын заманауи өнім жасау керек. Нумизматикаға 
кішкене әуестенетін болғандықтан және көптеген 
тың дүниенің шет жағасын білгендіктен, осы тура-
лы елімізде бұрын-соңды шықпаған фотоальбом 
форматындағы кітап жазуға бел будым.
Қазақ даласында монета соғу кәсібі сонау мың жа-
рым жыл бұрын өмір сүрген түргештерден келе жа-
тыр. Қарахандардың, Алтын Орданың, басқасының 
алтын мен күмістен соққан монеталарының сапасы 
әлі күнге дейін таңғалдырады. Таңбасы анық басылған, 
доп-домалақ, тіпті кейбір жағдайларда технологиясы-
ның мықтылығы соншалық, оның құпиясын әлі күнге 
дейін аша алмай жатыр. Сонда мемлекеттілігіміз болма-


[ 118 ]
Төртінші тарау
са, бұл монеталарды қай мемлекеттер басып шығарған? 
Керісінше, орта ғасырда Мәскеуде басылған «чешуйка» 
деген монеталардың түрі ұсқынсыз, пішіні қалай болса 
солай, біздің заманымызға дейін шіріген күйде жеткен. 
Басқа да тың деректер бар. Мәселен, Моңғол им-
периясы Шыңғысхан жорықтарынан кейін даламыз-
ды басып алғанда, осында да монеталарын соққан. 
Ең бірінші билеушілері не тәңіршіл, не буддист 
болғандарына қарамастан, орасан зор жерді алып 
жатқан империяда айналымда жүрген монеталарда 
«Алла» деген жазу кездеседі. Оны қалай түсіндіреміз? 
Немесе неліктен Қазақ хандығы тұсында бізде 
монеталардың орнына пластиналар шыққан? Қазақ-
тың тұңғыш монетасын соққысы келген хан туралы 
не білеміз? Екі ел арасында жер дауы туындап жатса, 
монеталар арқылы ертеректе шекара нақты қай жер-
де өткенін қалай анықтай аламыз? Осы мәселелердің 
барлығын фотоальбом кітабымда көтергім келді. 
Бұндай дүниенің бізде бұрын-соңды шықпағанына 
көзіңіз жетті ғой?
Біздің жерімізде өмір сүрген мемлекеттерде со-
ғылған монеталардың тарихын бес саусағындай біле-
тін жалғыз ғалым Ресейде тұрады. Бізде оның дең-
гейіндегі ғалымдар жоқ. Жоғарыда қойылған сұрақта-
рымның жауабын да тек сол кісі ғана біледі. Қазір жасы 
жетпіске тақаған. Ертең жаман айтпай жақсы жоқ, бір 
нәрсе болып қалса, тарихымызға қатысы бар құнды 
деректерді өзімен бірге алып кетеді. Мен ол кісінің 
электронды поштасын тауып алып, оған жазып, кітап 
шығару ниетім туралы айттым. Әрине, оны кітаптың біз 
үшін тарихи тұрғыдан маңыздылығын айтып қызық-
тыра алмайсың. Келіссе, еңбегінің ақшасын тауып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет