БИОЛОГИЯ • АДАПТАЦИЯ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯ • ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
5
• Жасанды сұрыпталу дегеніміз не?
Адам саналы түрде эволюция процесін
басқара алады. Бұл – жасанды сұрыпталу
деп аталады. Ол
кезде көбейіп, өз гендерін
ұрпақтарына қалдыратын ағзаларды табиғат
емес, адамдар таңдайды.
Мысалы, фермерлер етті болу және ауруларға
төзімді болу
сияқты қасиеттер тұрғысынан
ұрпақтың сапасын арттыру үшін ең жақсы
жануарларды таңдап алып, көбейтеді. Сол
сияқты, ит өсіретіндер де ұрпағы тегіне ұқсас
болады деген үмітпен иттерді терісінің түсі,
дене бітімі сияқты
өздері қалаған белгілері
бойынша таңдап алып, көбейтеді. Бұл да –
табиғаттағы эволюцияны табиғи процестердің
басқара алатындығының тағы бір дәлелі.
Жарысқа тазылар жылдамдығы бойынша
таңдалады да, ең жылдамы будандастыруға
алынады.
ДИАГРАММА 02:
• Ұсынылатын фильмдер
– Деректер: Селекция
– Будандастыру және мінез-құлық
Қосымша сұрақ
С8. Евгеника дегеніміз не?
Евгеника – кімдердің көбейе алатынын немесе көбейе алмайтынын басқару арқылы,
адам генофонын
“жақсартуға” арналған ғылым. Қарапайым тілмен айтқанда, ол “қажетсіз” белгілері барларды көбеюге
қатыстырмай, ал “қажетті” белгілері барлардың қатысуына әсер етеді. Бұл ғылым XX ғасырдың басында
танымал болды, бірақ қазіргі таңда “этикаға жатпайды” деп саналады.