Қанның құрамы.
Қан плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан тұрады. Қан жасушалары
қызыл түйіршіктер мен ақ түйіршіктер, қан пластинкалары - тромбоциттерден түзілген. Плазма
қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары 42-48%-не тең. Плазманың құрамы оның 90-92%-і
судан, қалғаны 8-10% құрғақ заттардан тұрады. Құрғақ заттарда 8-9%-і органикалық заттар, оның
ішінде ақуыз 6-8%, 0,9-1% бейорганикалық заттар. Бұлардың көбі ас тұзы - 90%. Органикалық
заттардың көбі ақуыздар: альбумин, глобулин, фибриноген. Бұлармен қатар плазмада глюкоза,
липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекулаласында азот бар заттар, түрлі
ферменттер, гормондар, витаминдер, пигминттер, СО
2
- (көмірқышқыл) газ, азот болады.
Эритроциттер
Қанның қызыл түйіршіктері. Ер адамнының 1 литр қанында 4,0-5,0х10
12
/л. Әйел қанында аздау
3,7-4,5х10
12
/л қанда. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы -
эритроцитоз
, аз болуы -
эритроцитопения
деп аталады. Эритроцитоз бен эрцитроцитопения сау адамда да науқас адам да
кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-
ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік
өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшандығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: