«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 20
«Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты», Ахмет Байтұрсынұлының «Маса»,
«Жұбату», «Сөз иесіне», Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ», «Шағым», «Сырым»,
«Жас қазақтар, қайдасыңдар», «Тұңғыш құрбан», «Алашқа», «Зар заман», Мағжан
Жұмабайұлының «Алыстағы бауырыма», «Тез барам», «Мен жастарға сенемін»,
«Бостандық», Сұлтанмахмұт Торайғырұлының «Арманым», «Жарлау», «Міне, алақай»,
«Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына», Сарыарқаның жаңбыры», «Алаш ұраны»,
Сәкеннің «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар», «Жеткіншегім,
тартынба», «Кімде кімнің тасқын судай қайраты», Ілиястың «Замандасқа» және т.б. осы
бағытта жазылған.
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы отаршылдықты, ұлттық езгіні сынады,
халықты өнер-білім үйренуге шақырды. Бұл дәуірдегі ақын-жазушылардың, білікті
азаматтардың саяси көзқарасы қалыптасқан, ел қамын жейтін қайраткер дәрежесіне дейін
көтерілген еді. Ресей империясының отарлау ісі дін мен тілге ауыз салып, елдіктен кетіре
бастаған тұста, Байтұрсыновша айтқанда, «Енді жату жарамас-тының» кезі келді.
Қоғамдық ойға көшбасшы жаңа тұрпатты қоғамдық-саяси әрі әлеуметтік күш қажет
болды. Зерттеуші ғалым М.Базарбаевтің: «Саяси-әлеуметтік өлең-жырлар – кезеңдік
поэзияның саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтік мақсат-мүдделерді паш ететін саласы.
Қоғам өзгеріс алдында, бұқара толғаныс үстінде тұрған алмағайып кезеңде саяси-
әлеуметтік
өлеңдердің
белсенділігі
арта
түсетіні
белгілі.
А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаевтордың отаршылдық езгі, қазақ қамы туралы өлең жырлары – соның айғағы»
[1, 52].
Жаңа дәуір әдебиеті өзінің даму, кемелдену арнасына біржолата түсті. Реалистік,
романтикалық сарын жарыса өрілген, ұлттық тарихи сананың оянуына бастаған,
жаңашылдық рухындағы әдебиет бірте-бірте көш түзеп, қазақ қоғамының рухани
тіршілігінде басымдыққа жетті. Әдебиет белгілі деңгейде ұлтты дамытудың әмбебап
құралына айналды. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі Алаш дәуірі поэзиясыныңң рухы
үстем шығып, әріден жалғасқан әдеби үрдістің сан соқпақты даму жолдарын түйістіре
бастады. Солардың ішіндегі ең көрнектісі, ұлттың ұлы ұстазына, рухани көсеміне
айналған ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз
өнеріндегі ұлттың ұлы рухынан нәр алған жаңа сарын – ұлт-азатшылдық бағыттың
негізін қалап, азаттықтың ақ жолын ұсынды.
Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі,
қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа
ұмтылдырудан басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, «ұлттың рухани көсемі» (Мұхтар
Әуезов) Ахмет Байтұрсынұлы
– тілші ғалым, ағартушы ұстаз, тәржімадан төл туынды тудырған аудармашы, көшелі сөздің көшін бастаған көсемсөзші, өлеңіне азатшыл ойды арқау еткен ақын, елінің ескіден қалған сөзін терген ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, сөз өнерінің қисынын тауып, қиюын ойған әдебиеттанушы ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы - әдебиеттің өсу жолы, қалыптасу, даму үдерісін қамтумен
қатар, халықтың рухани қазынасының баюына айрықша еңбек сіңірген қазақтың айтулы
ақыны. Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулығын,
алауыздығын сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін
үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдердің авторы.
Ахмет Байтұрсынұлы ақындыққа алып келген - өзінің халыққа қызмет ету, қалың
қауымды еңбекке, мәдениетке шақыру, сауаттарын ашып, дүниені таныту мақсаттары.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, Жөн сілтедім жақын емес, алысқа. Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, Дедім: сен де қатарыңнан қалыспа. [2, 52]
Ахмет поэзиясының арналы бағыты, қазақ әдебиетінде алар орны жайлы кезінде
М.Дулатұлы былай деген еді: «Ол қарапайым да түсінікті қазақ тілінде азаттық туралы,
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции