«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет35/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
34 
Бұдан бөлек Көкше өңірінің белгілі ақыны, жазушы, журналист Төлеген Қажыбай 
өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы 
туралы жарық көрген «Сыр тұнған Сырымбеттің саласында» атты мақаласында: «Бала 
Шоқан кезінде Күрлеуіт Қыпшақ Жаманқұл жырлаған «Едіге» жырын тыңдап, атығай 
Арыстанбай Тобылбайұлының жырлауында «Ер Қосай» мен «Ер Көкшені» тыңдады. 
Зерек көңілді бала Шоқан туған жұртының жазу-сызуды білмесе де ауыздан ауызға 
жалғасып келе жатқан жыр-дастан, хисса-жыр үлгілерін санасына сіңіре білді. Ол жай 
ғана құлақ тігумен шектелген жоқ. Өзі тыңдаған туындыларды ақ қағаздың бетіне төгілтіп 
түсірген тұңғыш қазақ ғалымы болды», - деген мәлімет келтіреді [2]. 
Арыстанбайдың жыршылық-орындаушылық, ақындық дарыны жайындағы келесі 
деректерде келер болсақ. Сібір облыстық мекемесінде тәржімашы және Құлжада 
консульдік хатшы болған И. Безверхов «Дала уалаяты газетінің» 1893 жылғы 16-санында 
«Қазақтың өлеңшісі һәм ақыны» деген мақала бастырған. Ол өзімен бірге сапарлас болған, 
Ұлытау өңірі мен Қарақұм бойын бірге аралап, жер көрсеткен әйгілі Арыстанның 
ақындық болмысы жайында құнды пікірлер өрбіткен. 
Қазақ жерін картаға түсірген орыс отряды жаздың ми қайнатар ыстығында, мидай 
далада әбден шаршап қажығанда оларды Арыстан ақынның қалай қанаттандырып, 
желпіндіріп жіберетіндігі жөнінде жеріне жеткізе сипаттапты: «Сол отрядтың бастығы 
жұмыс жоқ болғаннан кейін, өлеңшіні алып, ұйықтағанға шейін өлеңін, әңгімесін естіп 
отырушы еді, ол өзінің ойынан шығарып, нәзік даусымен бұрынғы замандағы адамдарды, 
өткен замандағы уақиғаларды өлең қылып айтушы еді. Бақытты да бақытсыз замандарды 
қосып һәм Дәуіт, Ибраһим, Жақып уа Жүсіп пайғамбарлар турасынан, уа белгілі хандар, 
батырлар, уа билер турасынан һәм білімді зейініне, келістіруіне қарай тыңдаушы 
қазақтардың көңілдерін шаттандырып, қайран қалдырушы еді». Иә, Арыстан ақынның 
орындаушылық шеберлігі мен асқан жыршылық қабілетіне ұл сөз айғақ болса керек. И. 
Безверховтың ойын әрі қарай сабақтастырып, жалғастырсақ: «Бірде жыршы-ақын «Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу» жырын толғап, бес сағат ішінде тәмамдай алмай, қалғанын келесі 
күні айтып бітірді», – дейді [1, 37-38]. 
Осы сапарларда орыстарға жол нұсқаушы болған Арыстанбай мен оған наразы 
Кенесары ханның қаһары жайындағы әңгімелер де ел аузында аз емес. Бұл оқиғалар 
қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында әсерлі әрі шынайы
баяндалады. Автор аталмыш туындысында ақынға мынадай мінездеме береді: «Арыстан 
деген – Атығай руынан шыққан кедей ақын. Бір кезде Саржанныңда жасағына ерген. Тілге 
шешен, сөзге бай, әсіресе, қазақтың қисса-дастандарын жақсы білетін, түні бойы жыр 
айтуға болдырмайтын, қарадан шыққан дарын» [3, 138]. 
Әрі қарай жазушы сахара төсінде орыс барлаушыларына жолбасшы болғаны үшін 
Арыстанды Кенесары мейлінше опасыз жан ретінде есептейтінін, қолға түссе, көзін 
құртатындығын әңгімелейді. Ақырында көкжал ақынды Кенесары сарбаздары қолға 
түсіреді. Оны соққыға жығады. Сонан соң Кенесарыға әкеледі. Өзінің күнкөрісі үшін 
орыстарға жер көрсеткенін мойындайды және кешірім сұрайды. Бір беткей Кенесары: 
– Елін сатқан адам жылқы ішіндегі маңқамен тең. Өзге жылқыны сау алып қалу 
үшін оған аяу болмауға тиісті. Үкім біреу-ақ – өлім. 
Осы тұста Арыстанның «Кенесары ханға айтқаны» өлеңі дүниеге келеді деседі:
Ойнаған екеу-екеу мерекең-ай, 
Тиетін мың кісіге көлеңкең-ай. 
Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, 
Жүрмісің аман-есен, Кенекем-ай! 
Сары атан май тамады жілігінен, 
Жүлде алған талай адам ілігінен. 
Баласы Абылай хан бәрі будан, 
Қасымның айналайын сідігінен! 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет