«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


ащы дауыстар селт еткізді, жоқтау айтқан дауыстар



Pdf көрінісі
бет59/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

ащы дауыстар селт еткізді, жоқтау айтқан дауыстар
сияқты детальдар
 
арқылы беріліп тұр. 
Повесте кейіпкердің жан-күйін экспрессивті-эмоционалды лексика арқылы 
көрсеткендіктен, оқырман Аянмен бірге қайғыға қиналып, қуанышқа шаттанады, қиял 
әлеміне бірге аттанады. Повесте
: Қазір сол Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның 
артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан кирзі етігімен теуіп кеп 
жіберді. Аян қалпақша қалқып барып анадай жерге түскен. Тұржан енді оны қолындағы 
қамшымен тулақты сабағандай көміп-көміп алды да, тағы да тепті-ай кеп. Бас демей, 
көз демей былшылдатып тебе берді. Әуелде құлындағы даусы шығып шырқырап: 
«Ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз 
заттай илектеніп жата берді – деп берілетін жігіт сөзі оқырман жанын қинай түседі. 
Көркем мәтінде кейіпкер сөзі жалаң түрде емес, қарым-қатынастың өту жағдайы
орны, кейіпкердің дене қалыптары мен қимыл-қозғалыстары т.б. да компоненттердің қоса 
суреттелуі арқылы беріледі. Кейіпкер эмоциясы берілген кезде көркем шығармада аталған 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
57 
элементтер де маңызды рөл ойнайды. Оларды бейнелеу, кейіпкер эмоциясымен үндестіру 
арқылы біртұтас сурет жасалады. Повестен үзінді: 
Үш-төрт күн өткен соң, әбден 
үйренісіп алғаннан кейін ұрынарға қара таппай жүретін Есікбай басқа балаларға 
істейтін қылығын Аянға да істеді. Бәріміз жапа-тармағай аспанға қарадық. Шынында 
да жұлдыздар жайшылықтағыдан әлдеқайда көп еді. Баттиып-баттиып, балқыған 
қорғасынша сорғалап ағып түсердей боп жарқырайды. 
Ұрынарға қара таппай – 
бұл эмоцияның тікелей адам
 
психологиясына әсерін 
көрсетеді. Автор кейіпкердің жан-дүниесіндегі өзгерісін аталған фразеологизм арқылы 
ұтымды жеткізіп тұр. Бұл автордың кейіпкер эмоциясын жеткізуінің бір ғана тәсілі, бір 
ғана көрінісі. Автор эмоциясы ары қарай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет