«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
67
8.
Бальмонт К.Д. Собрание сочинений: В 7 т. Т. 5: Сонеты солнца, мёда и луны:
Песня миров; Голубая подкова: Стихи о Сибири. Вступ.ст. Владимирова И. – М.:
Книжный Клуб Книговек, 2010. – 528 с.
9.
Бальмонт К.Д. Автобиографическая проза / К. Д. Бальмонт; сост., подгот. текста,
вступ. сл., примеч. Романенко А.Д. – М.: Алгоритм, 2001. – 608 с.
ӘОЖ 82-1/-9
ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СӨЙЛЕУДІ
ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Ералина Г.Х.
,
магистрант
І.Жaнсүгіров aтындaғы Жетісу университеті, Талдықорған қ.
Ғылыми жетекші – Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна
E-mail:
umbrella_sun_777@mail.ru
Мақалада қазіргі орта мектепте әдебиетті оқыту процесінде әртүрлі әдістердің,
мәнерлеп
оқу
мен
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың
орны
қарастырылды.
Тірек
сөздер:
поэзиялық
шығармаларды
мәнерлеп оқу,
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялaр, оқу мотивациясы, оқыту әдістемесі.
В статье рассмотрено место различных методик, выразительного чтения и
информационно-коммуникационных технологий в процессе обучения литературе в
современной средней школе.
Ключевые
словa:
выразительное
чтение
поэтических
произведений,
информационно-коммуникационные технологии, учебная мотивация, методика обучения.
The article examines the place of various methods, expressive reading and information
and communication technologies in the process of teaching literature in modern secondary
school.
Keywords: expressive reading of poetic works, information and communication
technologies, educational motivation, teaching methods.
Қазіргі қоғам, өкінішке орай, заман ағымына қарай бұған дейін қаланған
адамгершілік құндылықтар да, адами қасиеттер де, әсіресе жастар тұлғасы өзгеріп, ізгілік
пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғандықтың арасындағы шек жойылып бара жатқан,
«мылқау, керең, соқыр» адам кейпінде өмір сүруге бейімділік қалыпты нәрсеге айналған
жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайға тап болып отыр. Уақыт шекарасын жойып, басқа
дәуірдің, қоғамдық ортаның өмірімен таныстыратын, рух пен тұлға тәрбиесінің қуатты
көзі болып табылатын әдебиет, оның ішінде поэзиялық шығармалар жас ұрпақ арасында
бүгінгі күні айтарлықтай «сұранысқа» ие болмай отыр. Поэзиялық шығармаларды оқу
мектеп оқушылары тарапынан көбінесе мәжбүрлі оқу іс-әрекеті ретінде қарастырылады.
Осы ретте оқушылардың поэзиялық шығармаларды оқуға деген қызығушылығын қалай
арттыруға, оқу әрекетін қалай бағыттап ынталандыруға болады деген сұрақ туындайды.
Қазіргі білім беру жағдайында поэзиялық шығармаларды оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, қабылдау мен түсінуді тереңдетуге, қызығушылықты
арттыруға бағытталған оқыту әдістемесін құру мәселесі өзекті бола түсуде.
Жүректі тербететін, сөз қадірін түсінуге ықпал ететін, ойлау әрекетін дамытатын,
рухани дүниені байытатын, эстетикалық талғамды жетілдіретін, адамгершілік қасиетті
|