«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет76/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
71 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың белсенді түрде енгізілуін назарға алсақ, 
мұғалімнің қолында түрлі жаттығу құрылғылары, интерактивті тақта, аудио, бейне 
дискілер жинағы, оқыту бағдарламалары, бақылау тестілері бар. Сонымен қатар кестелер, 
диаграммалар, анықтамалық жазбалар түрінде көрнекіліктің әртүрлі формаларын, әсіресе 
түсіндірмелі-иллюстрациялық және репродуктивті оқыту әдістерін қолдану кезінде түрлі 
графиканы, дыбыс пен иллюстрацияларды, электронды оқулықтар мен сөздіктерді, тест 
тапсырмаларын, аудиокітаптарды, бейнефильмдерді оңтайлы пайдалану мектеп 
оқушыларының поэзиялық шығармаларды оқу мотивациясын күшейтуге көмектеседі. 
Мысалы, мультимедиялық проектордың көмегімен мұғалім «Microsoft PowerPoint» 
бағдарламасында жасалған слайдтарды көрсете алады, бұл біріншіден, сабақта уақытты 
едәуір үнемдеуге, екіншіден, ұсынылған ауызша, көрнекі және музыкалық бейнелер 
арқылы материалды қабылдаудың әсерлілігін арттыруға, үшіншіден, оқу процесін 
жандандыруға мүмкіндік береді. Поэзиялық шығармалар мультимедиялық мүмкіндіктері 
бар компьютерлік техниканы, эмоционалды, бай иллюстрациялық материалдарды, аудио 
және бейне сүйемелдеуді қолдана отырып оқытылуы қажет, себебі бұл әлемді 
ақындардың көзімен көруге, классикалық музыканы тыңдауға, поэзияны кәсіби тұрғыда, 
актерлік шеберлікпен оқуға ықпал етеді. Ақындардың портреттері, олардың 
шығармаларына қатысты фото-суреттер, үзінділер, кроссвордтар, криптограммалар, 
ақынның туған жеріне виртуалды экскурсиялар сабақты әртараптандыруға мүмкіндік 
береді. Компьютерлік технологиялар оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытады, 
электронды лингвистикалық сөздіктермен, мақалалармен, энциклопедиялар мен 
анықтамалық әдебиеттердің материалдарымен жұмыс жасау сияқты оқушылардың 
танымдық іс-әрекетінің түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің шебер тәлімгерлігімен 
оқушылар интернеттегі ақпараттың көптігі арасында қажетті ақпаратты табуды, өңдеуді 
үйренеді. Балалардың компьютерді ең қарапайым қолдануы - мәтіндерді редакциялау, 
шығармашылық жұмыстарының мәтіндерін, баяндамаларын, эсселерін, өлеңдерін теру, 
жинақтар құрастыру, компьютерлік суреттер салу, сызбалар жасау. Сонымен қатар 
поэзиялық шығарманы дыбыстау үшін мұғалім де, оқушылар да дайын «Yandex 
SpeechKit», «Google Text-To-Speech» сияқты бағдарламаларды қолданып, уақытты 
үнемдей алады, мәнерлеп оқыған шығарманың жазылған нұсқасын тыңдап, дауыс тембрі 
мен күшіне, оқу мәнері мен ырғаққа, дикцияға қатысты кемшіліктерді түзеп, осылайша 
оқу техникасын жетілдіре алады.
Мәнерлеп оқу қабілеті өздігінен келмейді. Оны шебер және дәйекті түрде дамыту 
керек. Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдердің барлығы оқушыларға көркем сөздің қоғамда 
атқаратын рөлін түсіне отырып, ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілді меңгеруге мүмкіндік 
жасайды. Оқушылар мәнерлеп оқуды, жұрт алдында сөйлеу мәдениетін меңгеру арқылы 
шешендік өнерге бейімделіп, өнер мәртебесінің биіктігін, қасиетін сезінеді. Поэзиялық 
шығармаларды, монолог мен диалогты еркін оқып, амал-тәсілдерді қолдана білген 
оқушының сахнаға шығып, мәдени шараларды жүргізе алатыны да анық. Әр сыныпта 
оқуға арналған поэзиялық шығарма өмірді жаңа, неғұрлым күрделі түсіну негізінде 
оқушыны ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге 
мүмкіндік береді. Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу патриоттық сезімді тәрбиелеу, 
табиғатқа ұқыпты қарау, мейірімділік, адалдық, сұлулықты сезіну сынды қасиеттерді 
тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбекті талап ететінін ұмытпауымыз қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Ақшолақов Т.Қ. «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» – 
Алматы: Мектеп, 1975 – 187 б.
2. Желдербаева С. «Мәнерлеп оқу» көмекші оқу құралы – Алматы: Қазақ 
университеті, 1992 – 112 б. 
3. Селевко Г.К. «Современные образовательные технологии» – Мәскеу: Народное 
образование, 1998 – 256 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет