Бүтін сандар
— оң немесе теріс ондық үтірсіз сандарды атайды. Мысалы: -1, 0,
23, 35656222554887711, 23423432.
Нақты сандар
— оң немесе теріс ондық үтірі бар сандарды атайды. Мысалы:
-1.4, 0, 23.3434, 35656222554887711.3437, 23423432.3431.
Комплекс сандар
— күрделі математикалық сандар. Комплекс сандарды бұл
оқулықта қарастырмаймыз.
random
кітапханасының ішінде
randrange
функциясын қолдану арқылы біз қандай да
бір аралықтағы кездейсоқ сандарды генерациялай аламыз. Бұл тәсілмен генерациялау
жолы мынадай:
Мысал 7.2:
import random
print(random.randrange(1, 10))
Бұл мысалда біз
randrange
функциясымен 1 мен 10 арасындағы санды генерациялай
аламыз.
50
Синтаксис
8
Мәтіндік
тип
8.1. Мәтіндік тип
Python тілінде мәтіндер бір тырнақшамен немесе қос тырнақшамен қоршалалы.
Мысалы
«salem»
сөзін былайша жазуға болады:
“salem”
немесе
‘salem’
. Мәтіндер
әдетте символдар тізбегі ретінде қарастырылады. Яғни
“salem”
сөзі бес символдан
тұрады. Бірінші символ —
s
, екінші символ —
a
, үшінші символ —
l
, төртінші символ —
e
және бесінші символ —
m
. Әр символға қол жеткізу үшін мәтіндік айнымалының атын,
кейін тік жақшаның ішіне символдың реттік нөмірін жазу керек. Реттік нөмір индекс деп
аталады. Бағдарламалауда индекс нөлден басталады. Сол себепті бірінші символ
индексі — 0, екінші символ индексі — 1, үшінші символ индексі — 2, төртінші символ
индексі — 3 және бесінші символ индексі — 4. Мысалы,
strVal = “salem”
болса, онда
үшінші символға қол жеткізу үшін
strVal[2]
деп жазамыз.
8.2. Ішкі мәтін
Ішкі мәтіні мәтіннің қандайда бір бөлігі болып есептеледі. Мысалы,
“salem alem”
мәтіні
үшін мына келесі бөліктер ішкі мәтін бола алады:
“sa”, “alem”, “salem ”, “m al”,
“m”
. Python тілінде ішкі мәтіндерді шығарып алу жолдары келесідей.
8.2.1. Аралық ішкі мәтін
Егер біз қандай да бір аралықтағы мәтін бөлігін қайтарғымыз келсе онда сол
аралықтың индекстерін жазу керек. Бұл аралық индекстерін қос нүкте арқылы бөлу
керек. Мысалы, бізде
strVal = "Hello, World!"
мәтіні болсын. Бұл мәтіннің
“llo”
бөлігін қайтарғымыз келеді делік. Бұл жағдайда
strVal[2:5]
деп жазу керек. Бұл
мысалда бізге керекті аралықтар 2-ші мен 5-ші индекстердің аралығында орналасқан.
8.2.2. Мәтіннің басынан басталған ішкі мәтін
Егер біз мәтіннің басынан бастап қандай да бір символға дейінгі ішкі мәтінді шығарып
алғымыз келсе, онда тік жақшаның ішінде алдымен қос нүктені, кейін ішкі мәтін
аяқталатын индекс нөмірін жазу керек. Мысалы, біздегі
strVal = "Hello, World!"
мәтінінің бастапқы бес символдан тұратын ішкі мәтінін қайтару керек болса, онда
strVal[:5]
деп жазу керек. Ал
strVal[:5]
өз кезегінде
“Hello”
деген мәтінге тең.
8.2.3. Мәтіннің соңына дейін жалғасқан ішкі мәтін
Егер бізге қандай да бір символдан бастап мәтіннің соңына дейін жалғасатын ішкі
мәтінді қайтару керек болса, онда тік жақшаның ішінде алдымен керекті символ
индексін, одан кейін қос нүктені жазамыз. Мысалы, жоғардағы
strVal = "Hello,
World!"
мәтінінің екінші символынан бастап мәтін соңына дейін жалғасқан ішкі мәтінді
қайтару керек болса, онда
strVal[2:]
деп жазу керек. Ал
strVal[2:]
өз кезегінде
“llo, World!”
деген мәтінге тең.
8.2.4. Негативті индекс
Мәтін символдарын шығарып алу үшін негативті индекстерді жазуға болады. Негативті
индекс реттік нөмірді мәтін соңынан есептейді. Мысалы,
strVal = "Hello, World!"
мәтіні үшін
strVal[-5] — ‘o’
әріпін қайтарса, ал
strVal[-2] — ‘d’
әріпін қайтарады.
Ал
strVal[-5:-2] — ‘o’
мен
‘d’
аралығындағы ішкі мәтінді қайтарады, яғни
“orl”
.
Мұнда соңғы символ
‘d’
қосылмайды.
53
8.3. Мәтіндерді бір-біріне біріктіру
Мәтіндерді біріктіру
“+”
операторы арқылы жүзеге асады. Мысалы, бізде мынадай екі
мәтін болсын дейік:
firstStr = “salem”
,
secondStr = “alem”
. Енді осы екі мәтінді
біріктірейік. Ол үшін
+
операторын қолданамыз, яғни
thirdStr = firstStr + “ ” +
secondStr
. Бұл біріктіруден кейін
thirdStr
айнымалысы
“salem alem”
мәтініне тең
болады. Мұнда ескеретін бір жайт: біз тек ғана мәтіндерді бір-бірімен біріктіре аламыз.
Ал мәтін мен сандық деректер біріге алмайды. Мысалы:
“alem” + 6
қате тұжырым
болып табылады. Себебі,
6
сандық тип. Бұл санды мәтіндік форматқа ауыстыру үшін
str
функциясын жазу керек, яғни
str(6)
. Сандық типті мәтіндік типке айналдырып, сонан
соң оларды біріктіргенде, ешқандай да қате болмайды. Яғни
“salem” + str(6)
коды
ешқандай қатені көрсетпейді.
54
Синтаксис
9
Булин
(Boolean)
9.1. Булин (Boolean)
Бағдарламалауда жиі кездесетін типтердің бірі — булиндік немесе логикалық тип.
Булиндік тип екі мәнді қабылдай алады. Оның біріншісі — жалған (
0
немесе
False
), ал
екіншісі — шындық (
1
немесе
True
). Булиндік тип бағдарламалауда жиі қолданылады.
Мысалы, мына тұжырымдарды қарастырайық.
1.
print(10 > 9)
2.
print(10 == 9)
3.
print(10 < 9)
●
Бірінші жағдайда 10 саны 9-дан үлкен болғандықтан, бұл тұжырым —
True
, яғни
шындық мәнін қайтарады.
●
Екінші жағдайда 10 саны 9-ға тең болмағандықтан, 10 == 9 тұжырымы —
False
,
яғни жалған мәнін қайтарады.
●
Үшінші жағдайда 10 саны 9-дан үлкен болғандықтан, 10 < 9 тұжырымы —
False
,
яғни жалған мәнін қайтарады.
Булиндік тип туралы мынаны білулеріңіз керек:
___________________________________________________________________________________
Булиндік тип екі мәнге ие бола алады. Оның біріншісі — жалған (
0
немесе
False
), ал
екіншісі — шындық (
1
немесе
True
).
___________________________________________________________________________________
57
Синтаксис
Синтаксис
10
Оператор
10.1. Оператордың түрлері
Оператор деп — айнымалыға қолданылатын амалды атаймыз. Python тілінде мынадай
операторлар бар:
●
Арифметикалық операторлар
●
Меншіктеу операторлары
●
Салыстыру операторлары
●
Логикалық операторлар
●
Сәйкестендіру операторлары
●
Мүшелік операторлар
●
Биттік операторлар
Бұл операторлардың әр қайсысын төменде қарастыратын боламыз.
10.2. Арифметикалық операторлар
Арифметикалық операторлар сандарға қолданылатын математикалық операцияларды
атайды. Арифметикалық операциялар мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: |