1. Ең бірінші балаға
әсер ететін әлеуметтік орта
А) мектеп В) отбасы С) достары
2. Когнитивті даму теориясын жасаған швейцариялық психолог
А) Жан
Пиаже
В) Эрик Эриксон
С) Лев Выготский
3. Неонатология дегеніміз не?
А) Жүкті әйелдердің денсаулығын бақылауға арналған ғылым
В) Құрсақтағы балаға әсер
ететін сыртқы факторлар
С) Жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
4. Қандай кезеңде балалар белгілі бір рұқсаттар
мен тыйымдармен байланысты
мінез-құлық нормалары мен ережелерін меңгереді («болуы мүмкін», «қажет»,
«мүмкін емес»)?
А) 3-4 В) 5-6 С) 4-5
5. Бұл жастағы бала негізгі түстерді жақсы біледі және реңктер туралы түсінікке
ие
А) 4 В) 5 С) 6
6. Балалық шақтағы психикалық дамудың алғашқы жан-жақты теориясын
жасаған
А) С.Холл В) Джон Локк С) Э.Эриксон
7. Психиканың мән-жайы
мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын
сыртқы және ішкі факторлар
мен жағдайлардың жиынтығы
А) Жас ерекшелік психологиясы
В) Психика дамуының қозғаушы күші
С) Психиканың жай-күйі
8. Апгар шкаласы дегеніміз не?
А) Жүкті әйелдердің денсаулығын тексеретін тест
В) Сәбидің туылғаннан бастап өмір бойғы денсаулық жағдайы туралы шкала
С) Адам баласының дүниеге келген алғашқы минуттарында
өтетін тест
9. Эриксон жасөспірімдік және ересектік кезең арасындағы интервалды қалай
атады?
А) психоәлеуметтік дағдарыс
В) психоәлеуметтік мораторий
С) психоәлеуметтік кезең
10. Тұлғаның психоаналитикалық теориясының негізін салушы
А) Э.Фромм В) К.Юнг С) З.Фрейд