4
зерттеудің негізгі теориялық және әдіснамалық қағидаларын пайдалану; дін
жайлы негізгі тұжырымдамаларды талдау, діннің шығу тегі мен
философиялық, әлеуметтанулық, психоаналитикалық мәні жайлы білу, кең
таралған діндердің діни кешенін сипаттау; діни мұраның теориялық-
танымдық ерекшеліктерін талдау; діннің қоғам өміріндегі ролі мен маңызын
тарихи және өзекті аспектілер тұрғысынан түсіну; секуляризация,
десекуляризация, постсекулярлы қоғам, сакрализация және десакрализация
үдерістерін ажырату; діндарлық пен оның қазіргі қоғамдағы көріністерінің
мәселелері туралы сұрақтарға жауап бере алуы.
дағдысы болуы керек:
ақпараттар дереккөздерімен жұмыс істеу;
зерттеліп отырған пән саласында аналитикалық ойлау; діни негіздегі
қақтығыстарды туғызбайтын ойлау жүйесін дамыту; дінтанудың қалыптасуы
мен даму тарихы жайлы өткенді шолатын мазмұнды баяндау; діни
дереккөздердің мәтіндерімен жұмыс жасау.
Пререквизиттер мен постреквизиттер
:
Отандық және шетелдік
дінтану тарихы, діндер тарихы, дін философиясы, дін әлеуметтануы, дін
психологиясы, дін феноменологиясы.
Оқыту нәтижелері. Жалпы құзіреттіліктер:
қолданбалы:
Ауызша және жазбаша ойтұжырымды логикалық қисынды,
дәйекті және түсінікті құра білу;
Сұхбаттаса алатын деңгейде, шетелдік ақпараттарды табу мен
талдай алатын деңгейде шетел тілін меңгеру;
тұлғааралық:
жеке тұлғалық және әлеуметтік маңызды
дүниетанымдық, діни мәселелерді, діни оқиғалар мен үрдістерді түсіну және
талдау, діндер тарихы жайлы білімін кәсіби және қоғамдық іс-әрекеттерде
пайдалану; тарихи үдерістің заңдылығы және қозғаушы күшін, ондағы
адамның алар орнын түсіну;
Достарыңызбен бөлісу: