П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет358/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАРАМ
275
я ғн и бір лексикалы қ м ағы налы сөз ғана болуы 
керек. Мысалға келтірілген 
күйік, күйін, күйіс, күйдір
деген топта 4 сөз я ғн и 4 лексикалы қ бірлік бар. 
Бұлар бір сөзж асамдық тарам болып саналады, 
өйткені олардың бәрі бір сөзден яғн и
күй
етісті- 
гінен жасалған.
Күй
етістігінен осы сөзжасамдық ұяда бірне- 
ше сөз жасалған, оның бәрі сөзжасамдық тарам- 
ға жатпайды. С өзж асамды қ тарам ға солардың 
іш інен бір сөзж асам дық сатыда бір сөзден жа- 
салған туынды сөздер ғана жатады. Ж оғары да 
келтірілген 4 туынды сөз 
күй
етістігінен бір са- 
тыда ж асалған туынды сөздер, сонды қтан олар 
бір сөзжасамдық тарам ға жатады. Ө йткені бір 
сөзден бір сатыда тұрлі ж ұрнақтар арқы лы жа- 
салған туынды сөздердің ж иы нты ғы сөзжасам- 
д ы қ тарам деп аталады. М ысалы, кет етістігінің 
негізінде 1-сатыда 
кетір, кетіс, кетім, кеткіз, кетіл,
кетулі, кетуші
деген 7 туынды сөз жасалған. Міне, 
бір негізден бір сатыда ж асалған осы 7 туынды 
сөздің ж иы нтығы бір сөзжасамдық тарам ға жа- 
тады.
Осы сөзжасамдық ұяны ң екінші сатысында 
екі тарам бар:
1) 
кетір
негізінен 
кетіргіш - кетірін
туын- 
дылары жасалып, бір сөзж асам ды қ тарам бол- 
ған , 2) 
кеткіз
негізінен 
кеткіздір

кет кіз
ту- 
ындылары жасалып, екінші сөзжасамдық тарам 
жасалған. Бұл сөзжасамдық тарамдардың құра- 
мындағы туынды сөздердің бәрі әр түрлі сөзжа- 
самдық жұрнақтар арқылы жасалған.
Келтірілген мысалдардағы сөзжасамдық та- 
рамдар - сөзжасамдық ұяны ң түрлі сатысында- 
ғы тарамдар. Бұл сөзжасамдық тарамның бір са- 
ты ға байлаулы емес екенін білдіреді. Ол ұядағы 
сөзжасамдық сатының қайсысынан болса да орын 
ала береді. Мысалы, азтүп негізден жасалған ұяда
3 сөзжасамдық саты бар. Осы 3 сатының әрқай- 
сысында да созжасамдық тарам бар. 1-сатыдааз 
сөзінен 
аздыр, азғын, азғыр, азғыш
туындылары- 
нан тұратын сөзжасамдық тарам жасалған. 2-са- 
тыда осы тарамдағы 
аздыр
сөзінен 
аздырыл, аз-
дырт, аздырушы, аздырғыш
туындыларынан тұра- 
тын сөзж асамдық тарам ж асалған. 3-сатыда 
аз-
ғыр
сөзінен 
азғырынды, азғырыл, азғырғыш
ту- 
ындыларынан құралған сөзжасамдық тарам жа- 
салған.
Бұл мысалдар сөзжасамдық тарамның әр са- 
тыда жасала беретінін толы қ дәлелдеді, сондық- 
тан мұнда сөзжасамдық тарам бір саты ға ғана 
қатысты емес деген пікірдің дұрыс екені аны қ- 
талды.
Бұл келтірілген мысалдан сөзж асамдық та- 
рамны ң орын талғамайты ны байқалды, оның 
тұрақты орны жоқ, ұяның түрлі сатысында сөзжа- 
самдық тарамның келе беретіні анықталды.
Сонымен бірге бір сөзжасамдық сатьща бірне- 
ше сөзжасамдық тарам бола береді. М ысалы, 
кап
түп негіз сөзден 1-сатыда 
кабык, капсыр, қапта,
қапша, қапшық
туындыларынан құралған сөзжа- 
самдық тарам жасалған. 2-сатыда осындағы 
қабық,
қапсыр, қапта, қапшық
сөздерінен 4 сөзжасамдық 
тарам жасалған.
1) 
олар 
қабык
сөзінен 
қабықта, қабықтай,
қабықтан, қабықша;
2) 
қапсыр
сөзінен жасалған: 
қапсырма, қапсырушы, қапсырыс, қапсырыңқы,
3) 
қап-
/иасөзінен 
қаптағыш, қаптал, қаптама, қаптас,
қаптап, қаптаулы, қаптаушы,
4) 
қапшық сөзінен:
қапшықта, қапшықша
туындылары жасалған.
Бұл мысалдар сөзжасамдық тарамар түрлі са- 
тыда жасалуымен бірге бір сатының ішінде бірне- 
ше тарам жасала беретінін көрсетгі. Алайда олар- 
ды ң бәрі сөзж асам ды қ сатыда орналасқан. Бұл 
созжасамдық тарамның орны сөзжасамдық саты 
екенін дәлелдеді.
С езжасамдық тарам тілдегі ерекше бір құбы- 
лыс, оның өзіндік мағыналық ерекшеліктері, құра- 
мы, сөзж асам дық ұяда белгілі орны, тілде атқа- 
ратын қызметі бар. Сонды қтан ғалымдар сөзжа- 
самдық тарамды тілдік жеке құбылыс ретінде зерт- 
тейді.
Алдымен сөзжасамдық тарам - сөзжасамдық 
ұяның бір құрылымдық мүшесі. Сөзжасамдық ұя 
бір түп негіз сөзден жүйелі түрде бірінен-бірі ту- 
ы ндаған туынды сөздердің ж и ы н ты ғы болса, 
сөзжасамдық тарамдағы туынды сөздер де - сөзжа- 
самдық ұядағы туынды сөздердің құрамына кіреді, 
сөзж асам ды қ ұядағы туынды сөздердің бір ша- 
ғын тобын құрайды. О сы ған орай сөзжасамдық 
тарам сөзжасамдық ұяның ішкі бір құрылымдық 
мүшесі болады. Сөзж асамды қ тарам ны ң орны 
сезжасамды қ ұяда екені осыдан ақ көрінеді. Қай 
сөзж асамдық тарамды алсақ та, ол белгілі бір 
сөзжасамдық ұяға қатысты. Бұдан созжасамдық 
тарам сөзжасамдық ұяның құры лы мдық мүшесі 
екені анықталды. Бұл - сөзжасамдық ұясыз сөзжа- 
самдық тарам жоқ деген сөз яғни бұлар бір-бірімен 
ты ғыз байланысты тілдік құбылыстар екені ешбір 
талас туғызбайды.
Сөзжасамдық ұяның бір құрылымдық мүшесі 
сөзжасамдық тарам болғандықтан, созжасамдық 
тарам сөзжасамдық ұядан құрамы әлдеқайда тар 
құбылыс болып саналады. Көлемі, құрылысы, 
құрамы жағынан сөзжасамдық ұя қомақты, күрделі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет