П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы


III бар-м ақ (нөлдік тұлға) Ауыспалы келер шақ



Pdf көрінісі
бет700/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   696   697   698   699   700   701   702   703   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

III
бар-м ақ (нөлдік тұлға)
Ауыспалы келер шақ
Ауыспалы келер ш ақ та ауыспалы осы ш ақ 
с и я қ т ы -а , 
-е, -й 
жұрнақты көсемш енің жіктеліп 
келуі а р қ ы л ы ж а с ал а д ы . 
Іш ім нен шыққан
Қүтжаннан кем кормеймін
(Әуезов). 
Осыдан
Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға
сауамын
(Н ұрш айы қов). 
Шын ғашық сый бол-
мас, сый болса, сыр болмас, Арызымды айтай-
ын Қүй болар, қүй болмас
(Абай).
Ауыспалы келер ш ақ пен ауыспалы осы ш ақ 
бір-бірінен сөйлемдегі м ағы насы ж ағынан ажы- 
ратылады. Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі 
етістіктің 
-м а /-м е , -б а /-б е , -па /-п е
ж ұрнақта- 
ры ны ң жалғануы арқы лы жасалады. 
Ыққаннан
еш нэрсе шықпайды
(М айлин).
Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы ш ақ- 
тан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа 
сөздерден де байқалып отырады. Мысалы: 
Бүгінге
місе түтпай, ертеңге коз жібереміз
(Мәуленов).


520
М ОРФОЛОГИЯ
Қазір біз “ж ақы н” ж олмен жүріп келем із
(М о- 
мышұлы) деген сөйлемдердің ш ағы біріншісінде 
ертең 
сөзі арқы лы , екінш і сөйлемде 
қазір 
сөзі 
арқылы анықталы п тұр (келер ш ақ, осы шақ).
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы 
шақта I жақ жіктік жалғау (-мын/-мін) кейде ықшам- 
далып, -м түріңде жалғанады. 
Ушаковты қонаққа
шақырып келем
(М үсірепов).
7.2.6. Жақ категориясы
Әрине, ж ақ пен жіктелу ұғы м ы бір-біріне 
толы қ балама емес. Әдетте мектеп оқулы қтары
мен грамматикаларда ж ақ ұғымы таза м орфоло- 
гиялы қ қана тұрғы дан ж іктік ж алғау я жіктелу 
д е г е н п а р а д и г м а л ы қ ж ү й е н ің ш е ң б е р ін д е
көрсетіліп келді. Б ірақ одан жіктік жалғауды ң 
табиғаты толы қ аш ы ла алмайды, әсіресе оны ң 
ж ақты қ сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі 
айқындалмай қалады.
Рас, оқулықтар мен грамматикаларда беріліп 
жүрген ж іктік ж алғау жүйесінде о ған ж ақты қ 
сипат та берілген. М орфологиялық көрсеткіш ре- 
тіндегі ж іктік ж алғау үш ж ақты ң әр ж ағы нда 
бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқы лы , бір 
ж ағынан, тұтас біртектес грамматикалық (жіктік) 
м ағы наны білдіріп, екінш і ж ағы н ан , әр ж ақты 
(жекеше-көпше де) әр түрлі грамматикалық фор- 
малар арқылы бір-біріне қайш ы грамматикалық 
м а ғ ы н а б іл д ір іп , м о р ф о л о г и я л ы қ т ү р л е н у
ж үйесінің, я ғн и парадигм алы қ ж үйенің ж иы н- 
ты ғы н құрау арқылы грамматикалық (морфоло- 
гиялық) категория болып танылады.
Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, мор- 
фологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші 
ж ағы нан, сол арқы лы берілетін грамматикалық 
м ағы налар ж иы нты ғы арқы лы грамматикалық 
категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге 
осы ған негіз болып оты рған ж іктік жалғаулар- 
дың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы 
сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. 
Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, 
жіктік), кейде көптік ж алғауды ң сөз байланы с- 
тырудағы қызметі ерекше екені белгілі. Сонды қ- 
тан да олар басқа қосы м ш а түрлерінен бөлініп, 
жалғау деп аталады. Ал ж іктік жалғаудың соны - 
мен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой 
білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің 
діңгегі, ойдың корінісі, негізі болып есептелетін 
сойлемнің баяндауыш ы жіктік жалғау арқылы, 
бір ж ағынан ойдың қазы ғы , қимыл, іс-әрекеттің 
иесі бастауышпен (субъектімен) қиыса байланы-
сып тұрса, екінші ж ағы нан, ойды тұжырымдап, 
тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан 
да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (пре- 
дикат) қосымшасы немесе баяндауыш категория- 
сыны ң тұлғасы деп атайды.
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғау- 
ды бірде тек ж ақты қ м ағы нам ен байланысты 
қарап, оны, ж ақты қ м ағы наны , предикативті 
мәнмен барабар деп түсінуш ілік те бар. “Ж іктік 
жалғауы өзінің ж ал ған ған сөзіне тек қана ж ақ- 
ты қ м ағы на үстейді), я ғ н и предикативтік реңк 
береді” (М .И . Қ Қ Т, 85). Бірақ сол арқылы грам- 
м атикалы қ жүйе ретінде ж іктік жалғау тек ж ақ- 
ты қ м ағы нам ен ғана ш ектеліп қалмайды, онда 
жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грам- 
матикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, 
айы рм аш ы лы қтары болмас та еді. Ж ақты қ мән 
ж іктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. 
Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік 
реңк деп түсінуге де болмайды. Бұлар, ж ақты қ 
мағына, предикативтік реңк (дұрысында қатынас 
я қызмет), бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші 
ж ағы н ан , әр тілдік қабатты ң ж үйесінен ш ы ға- 
тын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орны- 
на екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың 
шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфология- 
л ы қ, сөздің бір құрамды бөлшегі және оның 
білдіретін грам м атикалы қ м ағы насы ретінде, 
екінш ісі басқа бір сөзбен қаты насты негізінде) 
толықтырып отырады.
Әрине, ж ақ ұғымы қим ы л, іс-әрекеттің қай 
ж ақ арқы лы (сөйлеуші ме, тыңдауш ы ма, бөгде 
ме) іске асатынын немесе белгілі қасиеттің қай 
ж аққа қатысты екенін я қасиеттің иесі қай жақ 
болып тұрғанын біддіру болып табылады да, оның 
мәні екі сөздің, субъекті мен предикаттың ара- 
сы ндағы сем антикалы қ ж әне грамм атикалы қ 
қаты нас пен қы зметтен көрініп, айқындалады. 
Бұл тұрғы дан келгенде ж ақ ұғымы тілдің грам- 
м атикалы қ құры лы сы синтаксистік сипаттың 
көрінісі ретінде өмір сүреді. Бірақ ж ақ ұғы м ы - 
ның (жіктелудің) морфологиялық сипатын ескер- 
меуге болмайды, өйткені жіктік жалғау - үш жақта 
(және жекеш е-көпш е болып), әрқайсысына (сол 
жаққа, бұл - грамматикалық мағына) тән арнайы 
грам м атикалы қ тұлғалары бар парадигмалық 
түрлену жүйесі болып табылады. Сонды қтан да 
ж ақ (жіктік) категориясы немесе жіктелу оның 
түрлену тұлғасы (жіктік) жалғау, баяндауыштық 
қосымша деп аталса да, синтаксистік сипаты мол 
болса да, морфологиялық категория болып сана- 
лады. Өйткені бірінш іден, жіктелудің мәні, ең


ЕТІСТІК
521
алдымен, грамматикалық тұлғалар (ж іктікж ал- 
ғау ф ормалары ) мен солар білдіретін граммати- 
калы қ м ағы налар сәйкестігі арқы лы аны қтала- 
ды, екінш іден, сөз түрлендіру тұлғалары жиы н- 
ты ғы нан құралатын грамматикалық категория- 
лардың синтаксистік қызметі атқару қасиеті, мы- 
салы, тәуелдік жалғауының ілік септік жалғаулы 
сөзбен аны қтауы ш ты қ қатынаста матаса байла- 
н ы су ы , с е п т ік ж а л ғ а у л а р ы н ы ң о б ъ е к т іл ік , 
мезгілдік, мекендік қатынастарда екінш і сөзбен 
меңгеріле байланысуы - заңды құбылыс. С он- 
ды қтан да ж ақ (жіктік) категориясы н, жіктелу 
жүйесін бір ғана қырынан түсіну, сөйтіп, катего- 
риялы қ сипаты н синтаксистік қана қы зметінен 
айқындау, м орфологиялық түрлену (парадигма- 
лы қ) жүйесін, соған сәйкес бір тектес өз ішінде 
карама-қайш ы мәнді грамматикалық мағыналар 
ж и ы н ты ғы н ескермеу бұл тілдік құбылыстың 
(жіктік жалғаудың) мәнін толық ашпайды, грам- 
м атикалы қ сипатын терең айқы ндай алмайды. 
Өйткені ж ақ категориясының, жіктелу жүйесінің 
грамматикалық сипатын анықтайтын ерекшелік 
оның синтаксистік қатынасы мен қызметінде емес, 
ж іктік ж алғау, я ғн и м орф ологиялы қ түрлену 
жүйесінде жатыр да, көрсетілген синтаксистік 
қатынасы жіктік жалғаудың сөйлеу процесіндегі 
атқараты н қы зметінен туындап отыр. Я ғн и бұл 
жерде тілдік құбылыстың морфологиялық түрлену 
жүйесі мен м ағы налы қ сипаты ж әне олардың 
сөйлеу процесінде синтаксистік қатынасқа түсіп, 
белгілі тұрақты қызмет атқаруы диахронды қ ас- 
пектіде, тарихи тұрғыда (яғни қайсысынан қай- 
сысы пайда болды деген ы ңғайда) тұжырымда- 
лып оты рған ж оқ, синхрондық аспектіде, стати- 
калы қ тұрғы да (яғни белгілі бір форма, ф орм а- 
лар жүйесі белгілі бір грамматикалық м ағы на- 
ларды біядіріп сөйлеу процесінде белгілі бір 
тұрақты қызмет атқарады) көрсетіліп отыр. Сон- 
ды қтан да “жіктік жалғау - баяндауыш қа ғана 
тән ж алғау” екенін мойындай оты рып, жіктік 
жалғау тек қана синтаксистік қы змет атқарады, 
ойткені ж іктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым 
баяндауыш қана болады - деген тұж ы ры м ны ң 
бір жақты екенін көрсету қажет. Осы ізбен, яғни 
ілік септік жалғауын ол тұлғадағы сөз тек аны қ- 
тауыш қызметін, табыс септік жалғауын ол тұлға- 
дағы сөз тек тура толықтауыш қызметін атқара- 
тыны үшін және ілік септік жалғауы тәуелдік 
жалғаумен, табыс септік жалғауы сабақты етістік- 
пен байланысып қана қолданылуына қарап, олар- 
ды басқа септік жалғауларынан, тіпті жалғаулар 
деп аталатын қосымш алар тобынан бөліп алып,
тек синтаксистік қызмет атқаратын тілдік едини- 
ца деу қанш алықты қисынды болар еді? Сөйтіп, 
жіктік жалғау - сөйлем құрайтын негізгі діңгек 
сөздерді (бастауыш пен баяндауышты) байланы- 
стыратын предикаттық мәндегі морфологиялық 
тұлға.
Төрт ж алғауды ң үшеуі (көптік, тәуелдік, 
септік жалғаулар), әдетте, сөз табы ж ағы нан зат 
есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп аны қ- 
талады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байла- 
нысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік 
қана емес. Әдетте ж іктік жалғауы етістіктің 
түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір форма- 
ларының үстіне ғана жалғанады, соған байланы- 
сты жіктік ж алғаулардың тұлғалары да біркелкі 
болып келмейді, ал есім сөздерге ж іктік жалғау 
тікелей түбірге және бір қалы ппен ж алғана бе- 
реді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл - жіктік 
жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екін- 
шіден, ол ж іктік ж алғауды ң тек семантикалы қ 
мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, син- 
таксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса ке- 
рек. Я ғни ж іктік жалғауды ң предикаттық мәні 
сөйлемді гиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жат- 
са керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана 
емес, есімдер де атқара алады.
Рас, қазақ тілінде адам ға байланысты есім 
сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тіке- 
лей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне 
тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек “функ- 
циялы қ етістік” деп аталатын ерекше граммати- 
калық формалары ғана жіктеле алады, яғн и осы 
формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар үсте- 
ле алады. Бұл - бір. Екінш іден, қазақ тілінде 
қалып етістігі деп аталып ж үргеноты р, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   696   697   698   699   700   701   702   703   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет