В.В.Радлов.
67. «Қобыланды батыр» жырынан бір үзіндіні (Тайбурылдың
шабысы)
Ы.Алтынсарин
өзінің «Қазақ хрестоматиясына» ен-
гізген.
68. Әсірелеу (гипербола)
«Қобыланды батыр» жырында өте
көп кездеседі.
Аңыз әңгімелер
69. Аңыз –
тарихта болған танымал адамдар туралы тарихи
шындыққа негізделген көркем шығарма.
70. Аңыз әңгімелердің
тарихи аңыздар, топонимикалық
аңыздар, батырлар туралы аңыздар, ғашықтар туралы
аңыздар деген түрлері бар.
71. Тарихи аңыздар дегеніміз –
тарихи оқиғаларға, тарихта
болған адамдардың іс-әрекетіне байланысты туған аңыздар.
72. Тарихи аңыздар:
Қорқыт, Иасауи, әл-Фараби, Шыңғыс хан,
Асанқайғы, Жәнібек хан, Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу;
Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Махамбет, Исатай және тағы да
басқа қазақ батырларының ерлігіне байланысты туған аңы-
здар.
73. Топонимикалық аңыз әңгімелер дегеніміз –
тарихи оқиға
белгілі бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстыры-
83. Асанқайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып,
«
адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін»
мамы-
ражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау
«Жерұй-
ық»
деп атады.
84. Асан қайғының шығармаларын жинап, зерттеумен
Ш.Ш.Уә-
лиханов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов
т.б. ғалымдар айналысты.
85. Ш.Уәлиханов:
«Шежіре-аңыздардың айтуынша, Асанның
әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғалам ның, құстың,
жан- жануардың тілін білетін, өзі көріпкел, әулие, атақты саятшы
болса керек. Ол баласы Асанды да ес білгеннен осындай қа-
сиеттерге баулып өсіреді.
86. Асанқайғы:
«Әділдіктің белгісі – Біле тұра бұрмаса. Ақыл-
дының белгісі – Өткен істі қумаса».
Достарыңызбен бөлісу: |