Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Ақпараттық технологиялар ұғымы. Күнделікті өмірдегі ақпараттық технологиялардың
үлесі, пайдасы мен зияны.
Бұқаралық коммуникация жəне кибертерроризм жайында.
Қорытынды.
Кіріспе.
Компьютерлік техника саласында білім беру сізді тамаша программист емес, өйткені
шеткалар мен бояулар сізді керемет суретші етпейді. Бірақ қаласан жетерсін деп Эрик
Реймонд айтпақшы, əрбір істің өзінің артықшылығы бар, кез келген нəрсені жүзеге асыра
аласын. Оған жай мысал ретінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жастар
мен жасөспірімдердің оңай, дереу қабылдауы. Осы ағымдағы заманда осы технологиялық
құралдардың үлесі өте жоғары. Себебі, қолдан түспейтін ұялы телефондарымыз, жұмыс
жасайтын компьютерлеріміз бізге ақпарат алыса алғандықтан, интернет желісімен
қолдана алғандықтан орны ерекше.
Ақпараттық технологиялар ұғымы. Қазіргі əлемде ақпараттық технологиялар əрбір
адамның өмірінде маңызды орын алатыны сөзсіз. Ендігі кезекте мобильді те лефоны,
планшеты, ноутбукы жоқ адамды елестету мүмікін емес. Ағымдағы заман талабына сай
халқымыздың жылдам мəлімет алмасуына, замануи ақпарттық - коммуникативтік
технологиялардың кеңінен жетік қолданылуы басты алғышарттардың бірі болып
табылады. Көбіне бұл мақсатта негізгі құрал болып компьютер қолданылатын. Біраз
уақыттан бері тек байланыс көзі болып келген ұялы телефондардың өзі, қазіргі кезде кез
келген компьютерден озбаса, кем түспейді. Жалпы, ақпараттық технологиялар
компьютерлік технологияны пайдалана отырып, ұйымдық құрылымда ақпаратты жинау,
қабылдау, сақтау, өңдеу жəне беру функцияларын жүзеге асыратын операциялар
жиынтығы болып табылады. Ақпарттық технологияның мақсаты - тұтынушылардың
қажеттіліктеріне сəйкес ақпараттық ресурстардың сапалы қалыптасуы мен пайдалануы.
Ақпараттық технологияның құралы ретінде математикалық, бағдарламалық қамтамасыз
ету, ақпарттық, техникалық жəне басқа да құралдары бар. Ақпарттық технологияны
жалпытүсінуді талдай отырып, АТ ақпарат беру, сақтау жəне қабылдаудың барлық
салаларын қамтитынын атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта телефондар (смартфондар), компьютерлер (сондай-ақ, ноутбуктар,
нетбуктар, планшеттер) жəне тағыда басқа ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды пайдаланбайтын адам жоқ. Көпшілігі жасөспірімдер мен жастар
қауымы. Өмірімізге кеңінен қолданылатыны соншалықты, күнделікті өмір де, жұмыс та,
оқу да тіпті бүлдіршіндердің ойыны да осы технологиялар мен ғаламтормен тікелей
байланысты болып кеткен.
Шамамен 1990 жылдары балалар волга немесе тетрис ойнайтын, енді кез келген
гаджетте ойнай береді.
Ақпараттық технологиялар барлық адамдардың өміріне терең еніп, кейде сыртқы, нақты
əлемнен техникалық құралдармен алмастырады. Мəселен, оның немен байланысты
екенін түсіну керек:
Қоғам постиндустриялдық дəрежеге жетті, яғни ол дегеніміз ақпарттық
технологиялардың дамуы адамдардың дамуымен тікелей байланысты.
Адам еңбегін автоматтандыру. Қазіргі таңда барлық жасалынатын жұмыс, тіпті қазіргі
сабақтардың өзі осы ақпараттық технологиялар ұғымы арқылы іске асуда. Егер біз егжей-
тегжейлі қарастырсақ, онда жаңа технологиялар жасалып, сол арқылы өмір əлдеқайда
қарапайым əрі ыңғайлы болады. Бұған мысал ретінде телефонды алуға болады. Ол
арқылы біз əлемнің түрлі бөліктерінде адамдармен байланыса аламыз. Сондай-ақ
бейімделулер жасалады, соның арқасында адам еңбегі бұрыңғыға қарағанда азырақ
жұмсалады, яғни ол механикаландырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ технологиялары тұтастай алғанда қоғамның
өміріне, осы қоғамның əрбір мүшесінің, яғни индивидтің əлеуметтік-психологиялық,
саясаттанулық жəне моральдық
сипатына үлкен əсер етеді. Себебі, медиа-арналар, бағдарламалар арқылы келген
кез-келген жаңа ақпарат, бағдарлар мен құндылықтар, адамдардың танымына үлесін
қоспақ. Бұқаралық ақпарат технологиялары жаһандық деңгейге көтеретін ұлттық
ауқымда бірыңғай рəміздер мен мағыналарды дамытуды бір ағынға жеткізіп, келтірді.
Бұл үдерісте БАҚ Қазақстан Республикасында этносаралық тұрақтылық факторы ретінде
үлкен рөл атқарады. БАҚ заманауи қазақстандық қоғамның саяси, рухани жəне
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда шешуші болып табылады. Ал халыққа
олардың моральдық-психологиялық əсер етеді, екінші жағынан - ұлтаралық
оппозицияның, этносаяси шиеленістердің катализаторы болып келеді. Қазақстанның
ұлтаралық келісімінің үлгісі ғасырлар бойы 140-тан астам халықтың этникалық
сəйкестігін, мəдениетін жəне тілін сақтап қалуымен байланысты. Бұл гуманизмнің
бірегей мысалы, сонымен қатар қазақ халқының толеранттылығы. Социализация - бұл
мінез-кұлықтың, психологиялық қарым қатынастардың, əлеуметтік нормалар мен
құндылықтадың, білімдердің, дағдылардың өзіндік білім беру үрдісі қоғамда табысты
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы қоғамда ақпараттық технологиялардың
басым болуы кейде осы үдерістің өтуіне кедергі келтіреді.
Егер біздің заманымыздың білім деңгейін жəне мысалы өткен ғасырдың басында өмір
сүрген адамдарды салыстыратын болсақ, онда айырмашылық жаһандық болады.
Сонымен қатар, ақпараттың үлкен көлемде жинақталуына жəне кез-келген қашықтыққа
тезірек жету қабілетіне байланысты ғылым, сауда, медицина, мəдениет жəне адам
қызметінің басқа салаларында барлық процестерді жеделдетуге көмектеседі. Бұл
ақпараттық технологияның қоғамға жəне оның дамуына оң əсері.
Қазіргі заманғы демократиялық қоғамда оның тұрақтылығының жəне қоғамды басқару
тиімділігінің басты кепілі дамыған, саяси оқиғаларды объективті түрде
ұйымдастырылған бұқаралық ақпарат құралдарының болуы болып табылады. Тіпті білімі
жетік адамдардың өзі радио, теледидар, газеттер, журналдарсыз қоғамдық - саяси
процестерді дұрыс қабылдауға жəне олардың мінез-құлқын, əрекетін қалыптастыруға,
жауапты шешімдер қабылдауға қиын болуы мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдары
немесе технологиялары арқылы əр адам өзінің жеке тəжірибесінің тар көкжиегін жеңе
алады.
Өз аудиториясын үнемі кеңейте отыру, ол бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамда
сенімділікке жеткізді. Азаматтардың жалпы əлеуметтанулық процестерге қатысуын жəне
олардың мемлекет пен саясат əлеміне деген тиісті көзқарасын қалыптастыру, жаңа
ақпарат туралы хабардар болуына ықпал етеді. Азаматтармен жүйелі түрде тікелей
байланысы оларды саяси əлеуметтенудің басктапқы институты етеді, отбасылық, білім
беру жүйесі сияқты. Күнделікті көріп жүрген, естіп жүрген танымал басылымдардың
байқаушылары, телевизия комментаторлары, жетекші репортерлар халықпен
қабылданады жəне жиі көпшіліктің көрнекті өкілдері болып табылады.
ХХІ ғасырдың басында еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене ене, кірісіп
кетті. Бүгінгі күнделікті ағымдағы өмірде білімді, ақпараттарды бұқаралық технологиялы
құралдар арқылы тану дамуда. ХХ ғасырдағы жаппай байланыс əлеуметтануы, яғни
коммуникация Америка мен Еуропа елдерінде белсене дамыды. Соңғы жылдары
ақпараттық ағындар дерекқорлардың, дербес компьютерлердің, коммуникативтік қызмет
саласындағы кадрлар мен бұқаралық коммуникациялық технологиялардың үнемі өсуіне
байланысты дамытуға қуатты серпін алды. Кейбір зерттеушілер медиакратия туралы айта
бастады - бұқаралық ақпарат құралдарының күші туралы айтып береді, бұл шындықты
көрсетіп, түсіндіріп қана қоймай, оны өз ережелеріне сəйкес құрастырды. [1] Күнделікті
өмірдегі ақпараттық технологиялардың үлесі, пайдасы мен зияны.
ХХІ ғасыр - адамдардың технологияларға тəуелді заманы десек қателеспеген боламыз.
Адамдарға ұялы телефондар қажет емес екенін айтсан, олар бірден күледі. Мысалы, егер
сіз электрондық поштаны пайдалана алмаймын деп айтсаңыз, олар сізге сенбейді.
Кез келген ұйымдарға жаңа ақпараттық технологияларды енгізген кезде,
бəсекелестердің бар екенін ескерген жөн. Себебі, осы замануи технологияларда басқа
материалдық тауарлар секілді ескіріп отыру қасиетіне ие. Жаңа нұсқалардың шығарылу
жылдамдығы екі айдан бір жылға дейін. Егер жаңа технологияларды енгізу барысында
осы тармаққа назар аударылмаса, онда компания жаңа ақпараттық технологияға көшкен
уақытқа дейін ескірген деген қауіп-қатері бар.
Мəселен, алдымен пайдасы туралы айтатын болсақ, бұл əрине, кемшіліктеріне қарағанда
көп. Кем дегенде, болашаққа ұмтылатын адамдардың көпшілігі үшін жəне не нəрсеге
байланысты екенін түсіну:
Дəстүрлі технологияларды қолдануға қарағанда, пайдаланушының көп мөлшердегі
ақпараттарға, ойын -сауықтарға қол жеткізу қабілеті.
Уақыт үнемділігі.
Компьютерлік коммуникациялық құралдарды қолану арқылы пайдаланушының
шығармашылық əлеуетін толықтау жетілдіру; Жеңіл сауда əдісі (интернет-дүкендер,
онлайн).
Интернет жəне əлеуметтік желілер ана тілдерімен не болмаса үйреніп жүрген тілдерінде
сөйлеуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан ойнату, оқыту.
Қолайсыз кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
Компьютерді сақтау құрылғылары мен басқа механизмдердің кенеттен істен шығуы.
Қазіргі кезде замануи қоғам ақпараттық инфрақұрылымға толығымен тəуелді болып
келеді.
Ой - пікірлерін грамматикалық жəне синтаксистік түрде дұрыс айту қабілеттеріне теріс
əсер етуі.
Денсаулыққа зиян келтіруі, сондай-ақ жасөспірімдердің ой-өрісінің төмендеуіне алып
келіп жатыр.
Соңғы жасалған қорытындылардың жəне де көптеген жүргізілген сауалнамалардың
негізгі жеткізу керек ойы, тоқетері - бұқаралық ақпарат технологиялардың қатарында
болатын интернет желісінде зорлық - зомбылық көріністерді қызыға қарайтын
жасөспірімдер түнгі уақытта компьютерлік клуютарға, интернет кафелерге баратынын
қорытындылады. Сонымен қатар, бұқаралық технологияларды зиянды, пайдасыз жақтан
қолданылуы бір үлкен мəселе. Мысалы, компьютерде аз уақыт, бір сағатқа жетер жетпес
жұмыс жасағанның өзінде адамдардың 73 пайызының көзінің көтеруі төмендеп, жалпы
басқалармен салыстырғанда шаршаңқырақ болатыны белгілі болды. Осы ақпарат
тасымалдағыштардың қол жетімділігі туралы жастар арасындағы сауалнама бойынша
сұралғандардың жартысынан көбі, яғни 59,5%-ында компьютерлері бар. Негізгі
сауалнама қорытындысы бойынша, жасөспірімдердің 73%-ы ұялы телефондар, 25%-ында
сандық аудио тасымалдағыштар (плеер), 29%-ында жеке планшеттері бар болып шықты.
Бұл техника құралдарын жастардың қолдана алуының жақсы жағынан меңгергендерін
айта кеткен жөн. Сонымен қатар, бұл сауалнаманың нəтижесінде жастардың 69%-ы
ғаламтор желісін қолданады екен. Осы қолданушылардың ауылға қарағанда, көбі қала
тұрғандары болып шықты. Егер қаданың ортасында ғаламторды қолданушы жастардың
пайыздық үлесі 88%-ы қолданса, ауылдарда дəл осы көрсеткіш 2,5 есе төмен, яғни
35,2%-ды шамалап құрайды. [2]
Ерекше бір плюс - бұл ақпараттық технологиялардың ғылымға да енгені деп қарастыра
аламыз. Қазіргі кезде барлық əлеуметтік зерттеулер мен қорытындылар компьютерлердің
көмегімен жасалады, яғни социологиялық деректерді өңдеу жəне оларды талдау, есеп
беру жəне ұсыну. Білім беру ісінде не болуда? Оқушы да, мұғалім де компьютерсіз,
əсіресе интернетке қосылмай-ақ жұмыс істей алмайды. Сабаққа дайындық немесе
ақпаратты іздестіру интернетсіз жүзеге аспайды. Ақпарат- бұл сабақ, карта немесе кітап.
Осыған орай бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялардың қолданыста болуын
жағымды жақтарын, ерекшеліктерін айта кеткен жөн. Бұрынырақпен салыстырғандағы
қазіргі ақпарттық қоғам мен саясаттың дамуы қоғамдағы жетістікке жетуі, белсенділігі
алға басуына алып келеді. Адам интернет арқылы кез келген өзіне қажетті мəліметті ала
алуында. Қазіргі кезде еліміздің басты техникалық жəне ғылыми ерекшелігі - қоғамды
мəліметтермен жетік ақпараттандыру болып табылады. Жетік ақпараттандыра білу - ол
ғылым, білім, экономика, мəдениет жəне əлеуметтік салалардың негізгі шарттары мен
мақсаттарын ескеру. Бұл проблеманы шешуде басты рөл жалпы барлық оқу орындарына
міндетті болып жүктеледі. Ерекшеліктерімен қатар, кемшіліктерінде ескеріп кеткен жөн.
кемшіліктерінде ескеріп кеткен жөн. Басты мəселенің бірі - адамдар шекараны білмеуі,
бұл жайлылық шекарасынан да асады. Адам телефон арқылы көп нəрсеге айырбастайды,
қоғам мүлдем театрларға, көрмелерге немесе мұражайларға бармайды, өйткені телефонда
барлығын көру мүмкіндігі бар. Күнделікті өмірдегі жайттардың бірі sms-ты жазу. Қазір
қоғам бір-бірімен шын өмірде сөйлескеннен гөрі, смс жазу оңай санайды. Осы көптеген
ақпараттық технологиялар əлеуметтенудің табысты, оңтайлы жолын тосқауылдатуға,
яғни олардың мінез-құлық үлгілерін, қаржылай жұмыс жасауын, психологиялық
көзқарастарын, сондай-ақ əлеуметтік нормаларын жəне құндылықтарын табысты
меңгеруге мүмкіндік бермейтін деградацияға алып келуі əбден мүмкін. [3]
Бұқаралық коммуникация жəне кибертерроризм жайында
Коммуникация, байланыс терминдері ХХ ғасырдың басында ғылыми əдебиеттерде пайда
бола бастады. Байланыс адамдардың, топтардың, ұлттардың, мемлекеттердің арасындағы
өзара іс-қимылының қажетті элементі болып табылады. Адамзат қоғамында
коммуникация индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мəдениеттер арқылы жүзеге
асырылады. Адамдар арасындағы коммуникация процесінде білім туралы ой, идеялар,
құндылықтар, эмоционалдық жай-күйлер мен қарым қатынас жасайтын партиялардың
бағдарламаларын көрсететін толық сигналдық хабарлармен алмасу ретінде пайда болады.
Қоғамдық қауымдастықтардың, жүйелердің, мекемелердің, ұйымдардың құрылысы жəне
т.б., жалпы қоғамның бар болуы коммуникациясыз мүмкін емес. Ол қоғамның,
əлеуметтік топтардың жəне индивидтердің барлық қырларын қамтиды. Байланыссыз
барлық əлеуметтік жүйелердің жұмыс істеуі жəне дамуы мүмкін емес. Əрине кез-келген
зерттеуде қандай да бір байланыс түрі бар. Байланыс процесінде ақпаратты бағалау,
мағынасы мен құндылықтарын беру жəне өзара байланысымен орын алады, сондықтан
ол əлеуметтік процестер саласындағы жетекші орын алады. Байланыс - қоғамда өмірлік
белсенділігі үдерісіндегі адамдардың өзара əрекеттесуінің ерекші түрі. Байланыс
негізінде қоғамда жеке жəне ұжымдық қарым-қатынас қалыптасады. Əртүрлі формада
жүрзіледі: тұлғааралық қарым қатынастың тілдік жəне паралингвистикалық жүйесі
(бет-əлпеті, жест); мəдениет саласында- əдебиет, өнер жəне бұқаралық ақпарат
құралдары.
Коммуникация терминінің ұғымы əр салада əрқалай. Мысалы айтатын болсақ, байланыс
материалдық жəне рухани əлемнің кез келген объектілерін хабарлау құралы; байланыс-
хабарлама, адамнан адамға ақпарат беру; байланыс - қоғамда арласу жəне ақпарат алмасу,
яғни əлеуметтік коммуникация деп бірнеше сипаттама беріп кетуге болады.
Коммуникацияның барлық параметрлері бойынша əлеуметтік қатынас қоғамның
ықпалында. Əлеуметтік процестердің күрделілігі мен динамикасының күрделенуі,
қоғамдағы оқиғалардың адамның күнделікті өміріне əсер етуі, оны бұқаралық ақпарат
құралдарынан хабардарлық ағымдарға тəуелді етіп қояды. Адамның əлеуметтік
мінез-құлқына жəне қоғам өміріне қажетті, өз тəжірибесіне ие болатын ақпараттың мен
мерзімді басылымдардан алынған қажетті əлеуметтік ақпарат көлемі көбірек кеңейіп
келеді. Бұқаралық коммуникацияның жəне оның ресурстарының дамуымен адам бірге
өсуде.
Бүгінгі күні қоғамның жəне мемлекеттің өмірінің барлық салалары жаңа ақпараттық
технологияларға тікелей тəуелді. Ғаламдық желінің пайда болуымен ең қауіпті
насандарының бірі киберқылмыскерлердің - дəстүрлі лаңкестікпен салыстырғанда,
террористік актілерді жасау кезінде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне
негізделген кибертерроризм пайда болды. Бұл, ең алдымен: трансшекарылық, жоғары
анонимділікке, жалпыға қол жетімділікке жəне т.б. жаһандық ғаламтордың
ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар, ресейлік заңнамада, сондай-ақ заңды
əдебиеттерде кибертерроризм туралы бірыңғай тұжырымдамалар кездесе бермейді.
Қазіргі уақытта кибертерроризм проблемасы бүкіл əлемдік қауымдастыққа əсер етеді.
Сондықтан қылмыстардың осы санатын зерттеу - халықаралық деңгейде өзекті міндет.
Тек бір елдің ғана емес, сол сияқты əлемдік қауымдастықтың алдында тұрған қауіптер
ауқымын толық көлемде түсіну үшін кибертерроризмнің қылмыстарын жүзеге асырудың
кейбір жолдарын қарастыру қажет. Компьютерлік технологияны пайдалана отырып
адамдарға қатты əсер ететін жəне мінсіз террористік актінің белгілері бар желідегі
ақпаратты орналастыру мүмкін. Мысалы, интернет - ресурстардағы протеррорлық
сипаттағы бейнелерді жүктеу. Мұндай бейнематериалдардың мазмұны терроризмді
насихаттау жəне т.б. сияқты мақсаттармен жүзеге асырылады. Мұндай бейнефильмдер
қоғам мен мемлекетке қысым жасайды, адамдарға үрей туғызады жəне мемлекеттік
биліктің беделін түсіреді деп айтуға болады. Бұл мəселенің өзектілігі өте өткір, ауыр
себебі тым жаңа технологиялар лаңкестерге өз қызметінің шекарасын кеңейтуге
мүмкіндік береді. Бұл мəселелер отандық жəне жаһандық деңгейде жедел шешуді талап
етеді. Кибертерроризмнің салдарын болдырмау жəне жою саласындағы тиімді
халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. [4]
Қорытынды.
Қазіргі заманғы замануи бұқаралық ақпараттық құралдарының (БАҚ-тың) адамның
күнделікті өмірдегі үлесіне жоғары екеніне нақты көз жеткізе алдық. Бірақ сол қажетті
дүниені тиімді, сондай-ақ дұрыс, ұтымды жағынан пайдалану тиіс. Осы технологиялар
арқылы қоғам қоршаған ортадағы болып жатқан жаңа ақпараттарды алып, барлығынан
хабардар болуда. Ең басты айта кететін жайыттардың бірі- кем дегенде екі ай сайын
жаңарып отыратын осы технологиялардың ғылыми жəне əдеби салаларда қолданыста
болуы. Бұның себебі, Қазақстан жаһандану кезеңіндегі, дамып жатқан елдер қатарының
арқасында. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың
жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі - ақпараттық технологиялардың саласы
қоғамның, саясаттың барлық салаларындағы сауаттылық өсуі керектігін айқындап атап
өткен.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
Садуов Ш. Р. Ақпараттық технология. Алматы, 2009, 25-296.
Кузюк И. Г. Графикалық пəндерді қазіргі заманғы компьютерлік технологиялары- Sworld
ғылыми еңбектер жинағы. - 2012. - №12 басылым, 31-436.
Назаров М. М. Массовая коммуникация в современном мире: методология анализа и
практика исследования. - М., 2003, 67-696.
Байсейітова А. И. Бұқаралық коммуникацияның қазіргі қоғамның қызметіне əсері - Жас
ғалым, 2014 - №6,2 басылым, 81-836.
Достарыңызбен бөлісу: |