Дайындық жұмыстары
•
Белгіленген теодолит жүрісінің схемасына сай дала
жұмыстарының алдын-ала жобасын құрады. Проект құрамында
календарлық жоспар және жұмыс сметасы, жұмыс
орындаушының қажетті саны және көліктер, қажетті аспаптардың
саны, құралдар мен құрал-жабдықтар қамтиды. Теодолиттік
түірісті орындау үшін міндетті түрде теодолит, қадалары бар
болат сым немесе оптикалық қашықтық өлшеуіш, рулетка,
эклиметр және эккер болуы қажет.
Жергілікті жерді рекогносировкалау және теодолиттік
жүрістің нүктелерін бекіту
•
Рекогносцировка жергілікті жерді алдын-ала байқауды түсіріс
объектісімен танысуды, геодезиялық тірек пунктерін іздеп
табуды, теодолиттік жүріс орнын соңғы рет таңдау және құрылған
жобаны дәлірек анықтауды білдіреді.
•
Теодолиттік жүрістердің нүктелері көзге көрінетін қолайлы жерде
орналасуы қажет, теодолиттік жүрістің шектес нүктелерінің
аралары көзге көрінетіндей болуы қажет. Мерлік лентамен
арақашықтықты өлшеу кезінде жүріс жақтарын тегіс, қатты
грунтта және өлшеу қолайлы жерге орналастыру керек.
Теодолиттік жүріс жақтарының ұзындығы 350 м артық, 20 м кем
болмауы, ал жүріс көлбеулігінің бұрышы 50 аспауы керек.
•
Теодолиттік жүріс
нүктелерінің орнын көбіне уақытша
белгілермен – ағаш қадалармен қағады да, центріне
белгі жасап немесе шеге қағады.
•
Уақытша белгілер ретінде
темір қадалар
,
трубка
немесе кесілген ағаш түбіне шеге
қағылады, сонымен
қатар майлы бояумен белгі қойылады. Орнатылған
нүктелерді оңай табу үшін жанына жер бетінен 30-35 см
шығып тұрған ағаштан жасалған белгілер орнатады.
Бекітілген нүктелерді топырақпен үйіп немесе диаметрі
0,8 м тастармен
қалайды. Шамамен 1 км сайын
теодолиттік жүріс нүктелерін ұзақ уақытты сенімді
белгілермен бекітеді.
•
Теодолиттік жүрістерді бекіткен соң схемалық сызбасын
құрып онда нүктелердің және
жергілікті жердің
ситуациясына
қарай жүріс жақтарының орналасуын
көрсетеді.
•
Горизонталь бұрыштарды
өлшеу журналында теодолиттік жүріс
нүктелерінің схемалық сызбалары және жазбалар үшін орын
қалдырады (
абрис
). Абрис негізгі құжат болып табылады, ол арқылы
жергілікті жерде теодолиттік жүріс нүктелерін табады.
•
Теодолиттік жүріс нүктелеріне координата беру үшін жоғарғы класты
геодезиялық пунктерге байланыстырады. Жүріс нүктелерін
байланыстыру алдында жоғарғы класты бір геодезиялық пункты
анықтайды. Олардың арасындағы арақашықтықты өлшеп және
қабыстыру (примычный) бұрыштарды өлшейді. Пландық
байланыстыру деп пунктардың координаттары мен дирекциондық
бұрыштарын жүріс нүктелеріне байланыстыруды айтады.
|